• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Болашаққа жасалған қадам: «ЭКСЖ» Ұлттық жобасының бірыңғай сатып алу платформасы қалай жұмыс істейді?

Алғашқы нәтижелер: желтоқсан айының ортасына қарай «ЭКСЖ» жобасына қатысуға 267 нысан бойынша өтінімдер берілді

Біз бұған дейін Қазақстанда 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» («ЭКСЖ») Ұлттық жобасының іске қосылып, алғашқы оң нәтижелерін бере бастағаны туралы бірнеше рет жазған болатынбыз.

Жобаны тиімді іске асыруда сатып алу рәсімдерін цифрландыру маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта биылғы жылдың 3 қарашасында «ЭКСЖ» Ұлттық жобасының бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды. Электрондық платформаның әкімшісі ретінде «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС айқындалды. Барлық нұсқаулықтар мен ресми құжаттар «ЭКСЖ» жобасының ресми сайтында берілген, ол жерде қатысушылар талаптармен алдын ала таныса алады.

Платформа табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) сатып алу қызметіне арналған және «ЭКСЖ» аясында сатып алу қызметін автоматтандыру бойынша кешенді жүйе болып табылады. Модульдер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО), ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ҰЭМ ТМРК), «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («Қазорталық ТҮКШ») және «„Бәйтерек“ ҰБХ» АҚ-ның қатысуымен біртіндеп енгізілуде. ТМС-дан келіп түсетін өтінімдерді жауапты департаменттер күнделікті негізде қабылдайды және қарайды.

 

Платформа аясында әр өтінімге бірегей ID тағайындалады, барлық әрекеттер ЭЦҚ арқылы расталады, ал құжаттар электрондық түрде сақталады. Платформа мемлекеттік тізілімдермен және салалық деректер базаларымен біріктірілген, бұл қайталануды болдырмайды және мәліметтердің автоматты тексерілуін қамтамасыз етеді.

Жүйе жұмыс жылдамдығын арттырады және бақылауды жақсартады: уәкілетті органдар әр жобаның мәртебесін көре алады, кідірістер мен растамау тәуекелі азаяды. Қолжетімділік министрліктер мен әкімдіктер өкілдеріне, сондай-ақ өтінім берушілерге жеке кабинеті арқылы беріледі. Сонымен қатар ашық аналитикалық веб-портал қарастырылған, онда нысандардың онлайн-картасы мен интерактивтік статистика бар, бұл жобалардың орындалу барысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде мұндай технологиялар — болашаққа жасалған қажетті қадам.

Бүгінде платформада «ЭКСЖ» жобасының барлық қатысушылары тіркелген: ҚР ҰЭМ ТМРК департаменттері, ЖАО, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Қазорталық ТҮКШ» АҚ, «„Бәйтерек“ ҰБХ» АҚ, EPC-мердігерлер, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ТМС. Қазіргі таңда 125 тіркелген қатысушы жұмыс істейді, аналитикалық модульге барлық әкімдіктер мен тарифтік реттеушінің 20 департаменті қосылған, жоспарланған 142 ТМС-ның 92-сі тіркелген.

 

 «Қазорталық ТҮКШ» АҚ деректері бойынша желтоқсан айының ортасына қарай еліміздің барлық өңірлерінен «ЭКСЖ» жобасына қатысуға 267 нысан бойынша өтінімдер берілді. Толық ақпарат төмендегі ақпараттық кестеде көрсетілген.

Айта кетерлігі, үш жоба бойынша байқау өткізілді:
1. Лисаковск қ. 1А ықшамауданындағы № 56–60 тұрғын үйлердің жылу желісін қайта жаңарту;
2. ПС-11, ПС-4, ПС-20, ПС-19 станцияларындағы 10(6)кВ жабық тарату құрылғыларын қайта жаңарту;
3. Лисаковск қ. Мир көшесінде ТК-16-дан УТ-40-қа дейінгі жылу желілерін қайта жаңарту.
Өтінімдерді қабылдау аяқталды. Қазіргі уақытта жобалар бойынша EPC-мердігер анықталып жатыр.

 

 «ЭКСЖ» Ұлттық жобасының ең белсенді қатысушылары ретінде «Жамбыл электр желілері» ЖШС-ны, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-ны және тағы да басқаларын атауға болады. Қазақстанның өңірлерінде «ЭКСЖ» жобаларының қалай іске асырылып жатқаны жөнінде және сәтті шыққан жобалар туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Төменде көрсетілген ақпараттық кестеде жобаларды іріктеу және келісу қағидалары берілген.

 

Тағы бір айта кетерлігі, «ЭКСЖ» сатып алу платформасында өтінімдердің саны күн сайын көбейіп келеді. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «ЭКСЖ» Ұлттық жобасы 2030 жылға дейін кемінде 200 нысанды қамтитын болады. Мемлекет басшысының айтуынша, негізгі міндет — экономиканы дамытудың негізгі шарты ретінде сенімді әрі заманауи энергетикалық инфрақұрылымды қалыптастыру.

«Осы орайда үкімет „Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту“ жөніндегі ұлттық жобаны іске асыра бастады. Оның аясында 2030 жылға дейін кемінде 200 нысанға реконструкция жасалады, 86 мың шақырым желі жаңарады. Үкіметке еліміздің энергетикалық әлеуетін ұдайы арттыру міндеті жүктелді. Бұл – Қазақстанның экономикалық дамуын одан әрі табысты жүзеге асыру үшін аса маңызды. Еліміз экспорттық әлеуеті зор энергетикалық державаға айналуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

  • 28.01.2026
  • 4
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика