• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақкенженов Е. Қ.
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Қытай 2,2 млрд долларлық үш ЖЭК жобасын іске асырады

АСТАНА, 2026 жылғы 28 қаңтар –Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялады.

Мәжілістің пленарлық отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ЖЭК жобаларын жүзеге асыруға бағытталған келісімнің негізгі бағыттарын баяндады.

COP-29 климаттық форумы аясында қол қойылған құжат Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарында жалпы қуаттылығы 1,8 ГВт болатын үш ірі энергетикалық нысан салуға мүмкіндік береді.

Құны 2,2 млрд АҚШ долларын құрайтын жобалар халықаралық қаржы институттарының қатысуымен қаржыландырылады. Жобалар аясында қуаттылығы 1,5 ГВт болатын екі жел электр стансасы және 300 МВт-тық бір күн электр стансасы салынады. Сондай-ақ энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін заманауи энергия жинақтау жүйелері енгізіледі.

«Бұл жобалар жыл сайын 5,7 млрд кВт-сағаттан астам жасыл электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді және көмірқышқыл газының шығарындыларын 4,5 млн тоннаға дейін азайтады. Осы арқылы Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосады», – деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Жоспар бойынша құрылыс кезеңінде шамамен 2 мың, ал нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ жобалар өңірлердегі өзге де салалардың дамуына серпін береді.

Қазіргі уақытта жобалар жобалау жұмыстары мен келісімшарттық құжаттарды әзірлеу кезеңінде. Мәжілістің келісімді ратификациялауы Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты және «жасыл» энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам саналады.

  • 29.01.2026
  • 4
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

Ақкенженов Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика