- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қазақстан ЕҚДБ-мен стратегиялық әріптестікті нығайтып жатыр
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) стратегиялық әріптестікті дамытып келеді. Бірлескен жұмыстың негізгі бағыты инвестиция тартуға, атап айтқанда «жасыл» экономикаға, тұрақты инфрақұрылым жобаларына, жеке секторды дамыту мен шағын және орта бизнесті қолдау салаларына қатысты.
Ұзақ жылғы ынтымақтастық аясында Еуропалық даму қайта құру банкінің Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханмен кездестім. Әңгіме барысында Хусейн Озхан бірлескен жұмысқа байланысты мәліметтерді жеткізді. Мәселен, Қазақстандағы ЕҚДБ инвестициялық портфелінде экономиканың түрлі салаларын қамтитын құны 3,2 млрд доллардан асатын 125 жұмыс істеп тұрған жоба бар.
Ол Қазақстанның ЕҚДБ-ның Орталық Азиядағы серіктесі ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, банктің экономиканың орнықты дамуына ықпал ететін стратегиялық жобаларды қолдауды жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Кездесуде «жасыл» инвестициялар және кәсіпкерлікті қолдау сияқты бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға келістік. ЕҚДБ-мен серіктестік біз үшін озық технологиялар мен қаржыландыруды тартудың маңызды құралы болып саналады.
- 03.02.2026
- 9


