- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қазақстан мемлекеттік қаржыны басқару тиімділігінің халықаралық рейтингінде өз позициясын нығайтты
PEFA (Public Expenditure and Financial Accountability) әдіснамасы бойынша берілген жоғары баға мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімді жүйесінің белгісі болып саналады және ел экономикасына оң әсер етеді. Айталық, бұл халықаралық инвесторларға жағымды жаңалық, өйткені осы арқылы тиімді шарттармен сырттан қаржы тарту жеңілдейді. Ішкі деңгейде мұндай бағалау бюджеттік тәртіпті нығайтып, ресурстарды оңтайлы бөлуге әсер етеді және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырады.
ҚР Үкіметі Дүниежүзілік банк пен АДБ қолдауымен мемлекеттік шығыстарды басқару тиімділігі мен қаржылық есептілікті (PEFA) бағалауды аяқтады. Бағалаудың мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес бюджет процесінің тиімділігін, ашықтық деңгейін, есептілік пен мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың нәтижесін объективті түрде көру. PEFA-ның кейінгі есебі Қазақстанның халықаралық жүйе бойынша 31 бағыттың 17-сінде өз нәтижелерін жақсартқанын байқатты. Бұл жайлы «Мемлекеттік шығындар мен қаржылық есептілікті бағалау (PEF)» есебінің дөңгелек үстелінде талқыланды.
2018 жылдағы бағалаумен салыстырғанда Қазақстан биыл айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Ең жоғары «А» көрсеткішінің үлесі 16%-дан 39%-ға дейін өсті, ал индикаторлардың 94%-ы базалық «С» деңгейінен жоғары бағаланды.
Есепте атап өтілгендей, жүйенің артықшылықтары фискалды тәртіпті нығайту, бюджеттің тиімді орындалуы, кірістерді ашық басқару болды. Бағалау барысында ресурстарды стратегиялық тұрғыдан дұрыс бөлуге ерекше назар аударылды. Халықаралық сарапшылар ортамерзімді бюджеттеу мен стратегиялық жоспарлар арасындағы өзара байланыстың жақсарғанын, сондай-ақ қаражатты бөлу кезінде тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің (KPI) рөлі күшейгенін жеткізді.
- 03.02.2026
- 12


