- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚР ҚМ МКК АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 30 қаңтарда 2025 жылғы қызмет қорытындылары мен 2026 жылы салық төлеушілердің қызметін оңайлатуға бағытталған жаңа цифрлық сервистерді іске қосу мәселелері бойынша аумақтық МКД басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау үшін, сондай-ақ ҚР Үкіметінің Іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа стратегиялық бағдарлар айқындалды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің негізгі басымдықтары белгіленіп, салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне түбегейлі көшу қажеттілігі атап өтілді.
2026 жылдың негізгі бастамалары: «таза парақтан бастауды» реттеу, жобалық кеңсе, цифрлық трансформация және жасанды интеллект, инновациялар зертханасы.
Отырыс барысында 2026 жылға арналған бірқатар нақты тапсырмалар берілді: салықтық және кедендік әкімшілендіруді толық цифрландыру, проактивті сервистік модельді дамыту (қате туындағанға дейін көмек көрсету), Big Data мен жасанды интеллект негізінде тәуекелге бағдарланған бақылауды енгізу, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету.
- 04.02.2026
- 7


