• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бюджет саясатының жаңа қағидаттары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің алдына жаңа міндеттер қойды. Айталық, биыл 1 мамырға дейін барлық бюджеттік бағдарламаға аудит жүргізілуі тиіс. «Бюджетті игеру» принципі келмеске кетеді. Нәтижелік – мемлекеттік инвестицияларды жұмсаудың басты өлшеміне айналады.

Бұл ретте Қаржы министрлігі жобаларды іріктеу тетіктерін қайта қарауға кіріскенін айта кетейік. Енді қаржыландыруға тек тиімділік бағалауынан өткен бастамалар ғана ие болады. Әлеуметтік салаға ерекше мән беріледі. Ал 2026 жылдың 1 желтоқсанына қарай Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесі жолға қойылады. Бұл денсаулық сақтау саласындағы алаяқтық схемаларды тежеп, медициналық қызметтердің ашықтығын арттырады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы биылдан бастап күшіне енген Салық кодексінің алғашқы нәтижелері туралы да айтып өтті. Президенттің айтуынша, салық реформасы экономиканың ашықтығын нығайтып, бюджеттің кірісін ұлғайтуға оң әсер етіп келеді. Мемлекет басшысы жаңа салық-бюджет саясаты теңгерімді болып, экономиканың орнықты дамуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағдарлануы тиіс екенін жеткізді. Салық кодексі ашықтық пен тәртіпті күшейтуге ықпалын тигізетін ынталандыру тетіктерін дамытуды көздейді.

Сондай-ақ Президент бюджетті толықтырудың әлеуетті резерві ретінде тиімді салықтық әкімшілендіру мен цифрландыруды атап өтті. Осы орайда біздің ведомство енгізген цифрлы шешімдер қазір тиімді жұмыс істеп тұрғанын айта кеткен орынды. Мысалы, Keden ақпарат жүйесі салық жинауды арттырып, көлеңкелі айналымды азайтуға септесіп келеді.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев басқарудың барлық вертикаль жүйесі халықтың табысын арттыру мен өзекті мәселелерді жедел шешуге жұмыс істеуі керек екенін айтты. Қаржыландыруды тек жоғары рентабельді және әлеуметтік маңызы бар жобалар алуы қажет. ҚР Қаржы министрлігі алға қойылған міндеттерді іс жүзінде орындау үшін бар күш-жігерін жұмылдырады.

  • 14.02.2026
  • 9
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика