- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Асхат Шахаров Ұлыбритания елшілігінің өкілімен кездесті
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Астанадағы Ұлыбритания елшілігі жанындағы климат және «жасыл» көшу мәселелері бөлімінің басшысы Кирри Хендриксенді қабылдады.
Тараптар тұрақты даму, экономиканы декарбонизациялау, экологиялық таза технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Асхат Шахаров Ақтөбе облысының Ұлыбританиямен әріптестікті нығайту және өнеркәсіп пен аграрлық секторға британ инвестицияларын тартуға мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірде «жасыл» энергетика, өндірісті цифрландыру және білікті кадрлар даярлау бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыруға елеулі әлеует бар.
Кездесу барысында бұған дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында британ фермерлері қолданатын регенеративті егіншілік тәсілдеріне арналған «Топырақтың алты дюмі» деректі фильмінің көрсетілімі өткендігі де айтылды. Бұл шара табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласында тәжірибе алмасуға қосымша алаң болды.
Кездесу қорытындысында қатысушылар екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
- 16.02.2026
- 9


