• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Төлем түбіртектеріндегі сомалардың ұлғаюы бойынша ТМРК-ның түсіндірмесі

Қазіргі уақытта реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеруге мораторий қолданылады. Бұл ретте реттелетін коммуналдық қызметтерге мыналар жатады: электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру.

Аталған кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері тарифтерді қайта қарау мен арттыруды жүргізген жоқ.

2025 жылғы желтоқсан және 2026 жылғы қаңтар айлары үшін жылумен жабдықтау қызметтері бойынша есептеулер үйдің жалпы жылу энергиясын есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес пәтерлердің алаңына пропорционалды түрде бөлінді.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде 2026 жылғы қаңтар айындағы төлем құжаттарында сомалардың ұлғаюы жылыту кезеңінде жылу энергиясын нақты тұтынудың артуына байланысты екені анықталды. Тұтыну көлемі тікелей сыртқы ауа температурасына және жылумен жабдықтау режиміне тәуелді. Ауа температурасы неғұрлым төмен болған сайын, жылу энергиясын тұтыну көлемі соғұрлым артады.

Мысалы, өткен жылдың желтоқсан айында Астана қаласы бойынша орташа айлық температура -8 °C болса, ағымдағы жылдың қаңтар айында -14,3 °C құрады. Бұл жылу энергиясын тұтынудың артуына және соның нәтижесінде төлем құжаттарында сомалардың өзгеруіне әсер етті.

Электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша есептеулер есепке алу құралдарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізіледі. Тұтынушылар көрсеткіштерді уақтылы тапсырған жағдайда есептеу нақты тұтынылған көлем бойынша жүзеге асырылады.

Айта кету қажет, реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтері қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмай бекітіледі. Қызмет нақты көрсетілген кезде ҚҚС салық заңнамасына сәйкес төлем құжаттарына енгізіледі және төлеуге жататын соңғы сомаға әсер етеді. Орташа алғанда түбіртектердегі сомалардың ұлғаюы шамамен 3–4% құрайды және бұл тарифтердің өсуі болып табылмайды.

Мысал ретінде: егер уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша сумен жабдықтау қызметінің 5 текше метріне есептеулер сомасы 500 теңгені құраса, онда 12% ҚҚС ставкасы кезінде салық сомасы 60 теңгені, ал төлемнің қорытынды сомасы - 560 теңгені құрады. ҚҚС ставкасы 16% болған кезде салық сомасы 80 теңгені, ал төлеуге жататын жиынтық сома - 580 теңгені құрайды.

Осылайша, төлемнің нақты ұлғаюы 20 теңгені немесе бұрын төленген соманың шамамен 3,6% - құрайды, бұл коммуналдық қызметтерге тарифтерді қайта қарауға байланысты емес.

Сонымен қатар, төлем түбіртектері, әдетте, тек реттелетін коммуналдық қызметтерді ғана емес (электр, жылу, су және су бұру), сондай-ақ бәсекелі ортада көрсетілетін өзге де қызметтерді қамтиды. Олардың ішінде телекоммуникациялық қызметтер, лифт шаруашылығын қызмет көрсету, ортақ мүлікті басқару және күтіп ұстау (ОСИ/КСК), сондай-ақ өзге де қосымша қызметтер бар.

Осыған байланысты түбіртектегі жалпы соманың ұлғаюы тек коммуналдық ресурстарды нақты тұтыну көлемімен және салық құрамдасымен ғана емес, сонымен бірге аталған қосымша қызметтер бойынша есептеулердің өзгеруімен де байланысты болуы мүмкін.

Жүргізілген талдау нәтижесінде келіп түскен шағымдардың жеке сипатта екені және нақты тұрғын жайлар бойынша есептеулердің ерекшеліктерімен (тұтыну көлемі, бөлудің дұрыстығы, көрсеткіштерді алу кезеңі, қайта есептеулердің болуы, төлемнің кешіктірілуі және өзге де жағдайлар) байланысты екені анықталды.

Толық түсіндірме алу және есептеулерді салыстыру үшін тұтынушыларға алдымен тиісті қызмет бойынша төлемді есептейтін табиғи монополия субъектісіне жүгіну ұсынылады.

Егер мәселе шешілмеген жағдайда немесе ұсынылған түсіндірмелермен келіспеген жағдайда, тұтынушы тиісті өңір бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаментіне немесе «е-Otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы шағымдануға құқылы.

Тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауға жәрдем көрсету туралы өтініштер келіп түскен жағдайда және негіздер болған кезде, аумақтық департамент Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес монополия субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін тұрғын үй көмегін көрсету тетігі қарастырылған. Егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындар отбасының жиынтық табысының белгіленген үлесінен асып кетсе, атаулы қолдау көрсетіледі. Бұл шаралар тұтынушыларға шамадан тыс қаржылық жүктемені болдырмауға бағытталған

  • 23.02.2026
  • 4
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика