• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МҰНАЙЛЫ МЕН ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ «КАСПИЙ СУ ТҰЩЫТУ» ЗАУЫТЫНА 400 МЛН ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ

Бүгін облыс әкімі С.Трұмовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиында жаз мезгілінде облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы қабылданатын шаралар, балық шаруашылығы саласында іске асырылатын жобалар туралы сөз болды. 
  Бүгінде «Каспий су тұщыту»  зауыты тәулігіне 20 мың текше метр ауыз су тұщытады.  Облыс әкімінің орынбасары Н.Аққұловтың мәліметінше, биыл  зауыттың қуатын  40 мың текше метрге дейін арттыру көзделіп отыр. Оның 5 мың текше метріне алдағы маусым айында  қол жеткізілмек. Қазір су тұщыту қондырғысы салынуда. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алған. Облыс әкімі С.Трұмов алдағы жазда  су тапшылығын болдырмау үшін жобаны уақытында жүзеге асыруды қатаң тапсырды. 
  Айта кетерлік мәселе, Мұнайлы ауданы мен Қарақия ауданы «Каспий су тұщыту» ЖШС–не 400 млн теңгедей қарыз. Қос ауданның берешегі мерзімінде өтелмейтін болса, зауыттың ары қарай жұмыс жасауына кедергі келтіруі мүмкін. Зауыт басшысы тұрғындардың уақытылы қарызын бермей жатқанын айтып,  аудан әкімдерінен мәселені тезірек шешіп беруді сұрады. 
  Облыста халыққы тіршілік нәрімен қамту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жуырда Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылында  тәулігіне 1 мың текше метр су тұщыту қондырғысы  қолданысқа берілген еді. Ауданда тәулігіне қуаты 3 мың текше метр су тұщытатын тағы бір  қондырғы салынбақ. Осы жылдың 16 ақпанында «Абырой Груп» ЖШС-мен келісім- шарт жасақталып, құрылыс жұмыстары басталды. Нысанды тапсыру 2021 жылдың мамыр айына белгіленген.
  Ақтау қаласы мен Ақшұқыр және С. Шапағатов ауылдарын үздіксіз сумен қамту бойынша «Ақтау қаласындағы орталық сумен жабдықтау торабы (ЦУВС-4) нысанын кеңейту» жобасы іске асырылып жатыр. Облыс әкімі аталған жобаны мерзімінде аяқтауды қатаң тапсырып, жеке бақылауында болатынын айтты. Өйткені,  бұл жоба қала тұрғындары үшін кезек күттірмейтін аса қажетті жоба.
   Жаңаөзен қаласының халқын таза сумен қамту бойынша Кендірлі курорттық аймағында қуаты тәулігіне 50 мың текше метрлік су тұщыту зауытын салу жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» АҚ Қаражанбас кен орнында қуаты тәулігіне 17,0 мың текше метрлік су тұщыту зауытының құрылысы жүріп жатыр. Аяқтау мерзімі 2021 жылдың қазан айына дейін белгіленген.  
  Аймақ басшысы С.Трұмов ауыз су өңір халқы үшін аса өзекті  мәселе болғандықтан осы салаға жауапты азаматтарға аталған жобаларды дер кезінде жүзеге асыруды тапсырды. 

  • 29.03.2021
  • 264
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика