• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақкенженов Е. Қ.
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
1 энергоблок, 4 қазандық, 1 турбина: Қазақстандағы ЖЭО-ларда жоспарлы жөндеу басталды

2026 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде ағымдағы жылыту маусымының өтуі және 2026 жылғы жөндеу науқанының жоспарлары бойынша республикалық селекторлық кеңес өтті.
Іс-шараға «KEGOC» «QazaqGaz Aimaq», «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго», «ОАЭК» акционерлік қоғамдарының, «Қазақстандық коммуналдық жүйелер», «Еуразиялық топ» ЖШС басшылығы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық департаменттердің және өңірлердегі энергия кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Ағымдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде, тұтынушыларды жылумен жабдықтау тұрақты қамтамасыз етілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 8%-ға төмендеді, температуралық графиктің сақталмау фактілері барынша азайтылды.
Комитет төрағасы Ержан Ертаев аралық қорытындыларды талдау қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін және жылыту кезеңінің оң динамикасын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, жекелеген өңірлерде жедел шешімді талап ететін жүйелі мәселелердің сақталып отырғанына назар аударылды.
«Энергия көздерінде, жылу және электр желілерінде жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірлік штабтар аясындағы жұмысты үйлестіруді күшейту аса маңызды», – деп атап өтті ол.
Кеңес барысында Бірыңғай энергетикалық жүйенің жұмыс істеуі, газбен жабдықтау жағдайы және көмір тасымалы жөніндегі баяндамалар тыңдалды. Жүйелік оператордың бекітілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.
Бүгінгі күні жөндеу науқаны аясында бір энергоблокта, төрт қазандықта және бір турбинада жұмыстар басталды: «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының №5 энергоблогы, Ақтау қ. МАЭК ЖЭО-2-нің №7, Петропавл ЖЭО-ның №6, Жезқазған ЖЭО-ның №11 және Атырау ЖЭО-ның №2 қазандықтары, сондай-ақ Степногорск ЖЭО-ның №4 турбинасы. Атырау облысындағы ТШО кәсіпорнының №6.6 турбинасына жүргізілген жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Жабдықтардың тозу деңгейі жоғары және тәуекелдері артқан өңірлерге ерекше назар аударылды. Басым міндеттер ретінде энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жөндеу науқанының жеткілікті қаржыландырылуын қамтамасыз ету, жылу желілерінің сенімділігін арттыру белгіленді.
Сонымен қатар энергия кәсіпорындарының су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды. Көктемгі су тасқыны жағдайында энергия объектілерін қорғау және тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша энергия кәсіпорындарының басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, 2026 жылғы жөндеу науқанын уақтылы әрі сапалы жүргізу, анықталған проблемаларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдау және технологиялық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге бақылауды күшейту тапсырылды.

  • 26.02.2026
  • 8
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

Ақкенженов Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика