- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Азаматтарды жеке қабылдау: Салық салу мен жеңілдіктер мәселелері талқыланды
ҚР Қаржы министрлігі өз қызметінде ашықтық саясатын бірізді түрде іске асырып келеді. Айталық, бюджеттің атқарылуы туралы есептер, мемлекеттік сатып алу туралы деректер, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат пен басқа да маңызды материалдар тұрақты негізде жарияланып отырады. Сонымен қатар баспасөз конференциялары, брифингтер, бизнес өкілдерімен кездесулер және азаматтарды жеке қабылдау процесі үзілмей өткізіліп келе жатқанын айта кетейін.
Мәселен, кезекті мәрте ел азаматтарын қабылдап, оларды толғандырып жүрген мәселелермен танысудың сәті түсті. Кездесуде салық заңнамасын қолдану, салықты басқару ісін жетілдіру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етудің қолданыстағы тетіктері қаралды.
Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініш жіті бақылауға алынды. Министрліктің салалық департаменттеріне айтылған мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау тапсырылды.
- 27.02.2026
- 3


