• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімдігінде санитариялық қауіпсіздік, азық-түлік тұрақтылығы және спорт инфрақұрылымы мәселелері қаралды

24 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Кеңесте өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорт саласындағы инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Жиында облыстағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және вакцинациялау жұмыстарының барысы қаралды. 2025 жылы жедел респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау, қызылша және ішек инфекцияларының өсуі тіркелген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қызылшаға күдікті 174 жағдай анықталып, оның 81-ы зертханалық жолмен расталған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров өңірде инфекциялық ауруларға арналған 341 төсек-орын бар екенін және медициналық ұйымдарда мобильдік топтар мен егу пункттері жұмыс істеп тұрғанын айтты. Жоспарлы екпемен қамту деңгейі 85%-ды құрайды. Төмен көрсеткіштер Ақтау қаласында және бірқатар аудандарда тіркелген. Вакцина қоры жеткілікті және вакцинацияны күшейту үшін халық арасында түсіндіру және үй аралау жұмыстары жүргізілуде.

Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтудің маңызын атап өтті.
 

– Айдың, күннің аманында адамдардан айырылып қалып жатырмыз. Бұл – көп жағдайда біздің салғырттығымыздың салдары. Біз тек өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жалпы ақпарат берумен шектелмеуіміз керек. Ең бастысы – аурулардың алдын алу жолдарын нақты айқындап, халық денсаулығын қалай сақтайтынымызды жүйелі түрде қарастыруымыз қажет. Бұл – өзекті мәселелердің бірі, – деді облыс әкімі.



Облыста азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша 2025 жылы өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 44,1 млрд теңгеге жетті. Өсімдік шаруашылығында 1000 га астам жер игеріліп, 27 мың тоннадан астам өнім алынған. Мал шаруашылығында 547 мыңнан астам мал басы тіркелген. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 12 ірі кәсіпорын және жалпы қуаттылығы 109,5 мың тоннаны құрайтын 9 қойма жұмыс істейді. Бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы картоп, көкөніс, ет және ұн өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған келісімдер жасалған. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін қолдау үшін 2026 жылы субсидиялар мен инвестициялық жобаларға несие беру үшін қаржы бөліну жоспарланып отыр.

Спорт саласындағы инфрақұрылымды дамыту бойынша өңірде 41 мемлекеттік спорт мекемесі, 25 мыңға жуық спортшы және 1200-ге жуық жаттықтырушы қызмет атқаратыны хабарланды. Соңғы екі жылда спорт нысандарын жөндеуге 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 7 жаңа нысанның құрылысы жүргізілді. Жеке инвестициялар есебінен және қайырымдылық қорларының қолдауымен бірқатар спорт кешендері салынуда. Сонымен қатар Ақтауда 10 мың орындық жаңа стадион салу жоспарланған. Сонымен қатар, өңірде 50 метрлік жүзу бассейні мен спортшыларды оңалту орталығының қажеттілігі өзекті мәселе ретінде көтерілді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай санитариялық қауіпсіздікті күшейту, вакцинациялау жұмыстарын жандандыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорт инфрақұрылымын сапалы дамыту бағытындағы жобаларды уақтылы әрі тиімді іске асырудың маңызын атап өтіп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 27.02.2026
  • 7
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика