• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Қазақстандағы БҰҰ балалар қоры – UNICEF өкілімен кездесті

26 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Рашед Мустафа Сарвармен кездесті. Кездесу барысында балалар мен жастардың әл-ауқатын арттыру, цифрландыру және жастардың қоғамдық өмірге қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.

Жиында өңірде балалардың құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен дамуына қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сөз болды. Сондай-ақ балалардың әл-ауқатын бақылауға арналған цифрлық шешімдерді енгізу және «жасыл» дағдыларды дамыту мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар кездесуде әуежайлар мен кеден бекеттерінде аналар мен балаларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған жобаны іске асыру мәселесі қозғалды. Атап айтқанда, ана мен балаға арналған арнайы бөлмелер, демалыс аймақтары және қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру арқылы олардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру жолдары талқыланды.

Өңір басшысы Маңғыстау облысының болашақ ұрпаққа бағытталған тұрақты даму моделін қалыптастыруға мүдделі екенін атап өтті.
 

– Балалар мен жастарды қолдау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Осы бағытта халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу өңірдің әлеуметтік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір бала мен жас өз туған өлкесінде сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік табуға тиіс, – деді Нұрдәулет Қилыбай.



Өз кезегінде Рашед Мустафа Сарвар ЮНИСЕФ-тің өңірдегі бастамаларды қолдауға дайын екенін айтып, жастар көшбасшылығын нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Бұдан бөлек, кездесу барысында жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру, «жасыл» мамандықтарды дамыту, еріктілер қозғалысын қолдау және NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу мәселелері де қаралды. Сонымен қатар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 27.02.2026
  • 7
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика