• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Кәсіпкерлер «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы аясында жаңа инвестициялық жобаларды ұсынды

Өңірге инвестиция тарту мәселелері жөніндегі аймақтық инвестициялық штабтың көшпелі отырысы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты базасында өтті. Жиында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға бағытталған жобалар қаралды.

Штаб отырысы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өтті. Жиынға облыс прокуроры Марат Әбішев, сондай-ақ бейінді департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты.

Өңір басшысы көшпелі форматтағы отырыстар мәселелерді кабинетте емес, тікелей өндіріс алаңдарында талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл мемлекет пен ірі бизнес арасындағы диалогті нығайтудың тиімді тетігіне айналып келе жатқанын жеткізді.

«Мұндай ірі кәсіпорындарға әкімдік тарапынан әрдайым назар аударылады. Себебі олар бюджетке түсімдерді қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік тұрақтылыққа да үлес қосады. Осындай нысандарға келуіміз – мемлекет пен ірі бизнес арасындағы серіктестікті нығайтудың белгісі», – деді Асхат Шахаров.

Отырыстың негізгі тақырыбы – өңір үшін стратегиялық маңызы бар «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын дамыту және оған жаңа инвестициялық жобаларды енгізу мәселесі болды. Әкімнің айтуынша, 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар беріп, оларды «қағаз жүзіндегі» жобалардан нақты индустриялық экономикалық драйверлерге айналдыруды міндеттеген.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып (өсім 125%-дан жоғары), 10 ірі стратегиялық жоба іске қосылды. Дегенмен, облыс әкімі қол жеткізілген нәтижелер тоқмейілсуге негіз болмауы керектігін атап өтті.

«Әрбір жобаның артында жаңа жұмыс орындары мен халықтың әл-ауқатының артуы тұр. Біздің мақсатымыз – құр есеп емес, нақты нәтиже. Әр жоба бойынша туындайтын кедергілерді «осында және қазір» талқылап, оңтайлы шешімдер табу қажет», – деді өңір басшысы.

Жиында өңірдің өнеркәсіптік және логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған 6 инвестициялық жоба таныстырылды. Атап айтқанда:
– «Blue Sky Industrial Investment CO., Ltd» ЖШС-нің натрий гидросульфидін өндіру зауыты;
– «EcoNovaOilGroup» ЖШС-нің пайдаланылған майды регенерациялау және жағармай материалдарын өндіру кешені;
– «Polyline» ЖШС-нің пластикалық құбырлар шығару зауыты;
– «IZBAS Logistics» ЖШС-нің курьерлік орталығы және логистикалық хабы;
– «Азия Мунай Групп Сервис» ЖШС-нің газ турбиналары мен газпоршеньді қозғалтқыштарды жөндеу цехы;
– «Триумф Инжиниринг» ЖШС-нің өндірістік-қоймалық логистикалық кешені.

Әр жоба бойынша іске асырудың негізгі мәселелері, ықтимал тәуекелдер және оларды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Жобалар әлі де зерделенбек.

Жиын қорытындысында облыс әкімі басты міндет – «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын нақты өнеркәсіптік кластерге айналдырып, жаңа жұмыс орындарын құру және инвестициялардың экономикалық әрі әлеуметтік қайтарымын арттыру екенін атап өтті.

  • 02.03.2026
  • 9
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика