• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақкенженов Е. Қ.
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Батыс Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін Біртұтас электр энергетикалық жүйеге қосылады

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі елдің ұзақмерзімді энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында энергия жүйесін жаңғыртып, жаңа генерациялау қуаттарын іске қосу бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде.

Ұлттық электр желісінің сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін «KEGOC» АҚ жаңа қуаттарды енгізуге бағытталған бірқатар ауқымды жоспарлармен үйлестірілген жобаларды жүзеге асыруда.

Соның ішінде Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен (БЭЖ) біріктіру – стратегиялық маңызы бар негізгі бағыттардың біріне айналды. Жоба аясында батыс аймақ республика аумағы арқылы БЭЖ-дің негізгі бөлігімен қосылады. Бұл шешім батыс өңірлердің энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар солтүстік және оңтүстік аймақтар арасындағы қуат теңгерімсіздігін өтеу үшін маневрлік генерацияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде ұзындығы 600 шақырымнан асатын 500 кВ электр беру желісі салынады. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары 2027 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Отандық БЭЖ-дің Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту бағытында «Солтүстік–Оңтүстік» транзитінің «Алматы-Жамбыл» учаскесінде өткізу қабілетін 440 МВт-қа арттыру жобасы іске асырылуда. Бұл жаңа газ электр стансалары мен жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) энергия жүйесіне интеграциялауға жағдай жасайды. Жоба аясында жалпы ұзындығы 475 шақырым болатын екі 500 кВ электр желісі салынады. Нысанды пайдалануға беру 2027 жылдың маусымына жоспарланған.

Сонымен қатар елорданы энергиямен қамтудың сенімділігін арттыруға ерекше назар аударылуда. Астананы сыртқы электрмен жабдықтау сызбасын күшейту жобасы аясында жаңа 500 кВ цифрлық қосалқы станса салу көзделген. Бұл мегаполистің электр энергиясына деген сұранысын қамтамасыз етіп, жаңа тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің транзиттік әлеуетті мен өткізу қабілетін арттыру үшін «Солтүстік–Оңтүстік» тұрақты ток желісі салынады. Жоба жүзеге асқан жағдайда электр энергиясын тасымалдау көлемі 2 000 МВт-қа дейін ұлғаяды. Бұл жаңартылатын энергия көздерін жүйеге тиімді қосуға және жүктеме артқан кезеңде энергожүйенің тұрақтылығын сақтауға септігін тигізеді.

Сонымен қатар «Алматы мен Жетісу облыстарының электр желілерін дамыту» жобасы іске асырылады. Жоба аясында екі өңірдің энергия тораптары 220 кВ әуе желілері арқылы қосылады. Жалпы ұзындығы 400 шақырым болатын желі салынып, өңірлерде электрмен жабдықтау сенімділігі күшейтіледі.

Алдағы уақытта Қарағанды қаласында 500 кВ қосалқы станса салу және «Қарағанды – Астана» бағытында 500 кВ электр желісін тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда-Шымкент» жобасын іске асыру, Батыс энергия торабын күшейту және «Батыс–Оңтүстік» тұрақты ток желісін салу көзделген.

Жалпы, 2035 жылға дейін 6,6 мың шақырым жаңа электр желісін іске қосу және 10,5 мың шақырым қолданыстағы желілерді қайта жаңғырту жоспарланған.

Барлық жобалар энергия жүйесін жоғары кернеулі желілер арқылы толық сақиналауды аяқтауға бағытталған. Нәтижесінде Ұлттық электр желісінің нысаналы топологиясы қалыптасады. Генерация көздерін дамыту шараларымен қатар елдің толық энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканың тұрақты өсіміне жол ашады.

  • 03.03.2026
  • 4
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

Ақкенженов Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика