• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Орталық пен Батысты жалғайтын жаңа дәліз: Ақтөбеде ауқымды құрылыс басталады

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде 2026 жылға арналған өңірдің автомобиль саласын дамыту мәселесі қаралды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың мәліметінше, өңірдегі автожолдардың 90%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 1 875 шақырымды құрайды.

Биыл ұзындығы 28 шақырымдық «Ақтөбе – Қарабұтақ– Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстары жалғасады. Аталған жолдың қалған 234 шақырым бөлігінің құрылысы басталмақ. Қазіргі уақытта конкурс рәсімдері жүргізілуде.

«2026 жылы «Орталық – Батыс» жобасын «Астана – Ырғыз» учаскесінде іске асыруды бастаймыз. Дәліздің жалпы ұзындығы 896 шақырым. Ақтөбе облысы аумағында 141 шақырым жол 154,2 млрд теңгеге реконструкцияланады. Бұл жаңа көлік дәлізі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орталық және батыс өңірлер арасында тұрақты әрі қауіпсіз байланысты қамтамасыз ету үшін салынуда», – деді Айбек Қайыр.

Сонымен қатар ұзындығы 559 шақырымдық «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының құрылысы басталады. Оның 245 шақырымы облыс аумағында салынып, жөнделеді. Бұдан бөлек, ұзындығы 206 км құрайтын «Шалқар – Бозой» автожолын салу және жөндеу жоспарланып отыр.

«Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолындағы Жем өзені арқылы өтетін көпір және Қауылжыр ауылы маңының 219-шақырымындағы көпір ретке келтіріледі.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Әлімбет» өткізу пунктін реконструкциялау жалғасуда. Онда жаңа әкімшілік ғимарат, инспекциялық-тексеру кешені және басқа да нысандар бой көтереді.

Жоспарланған шаралар жол инфрақұрылымының жағдайын жақсартуға және өңірдегі көлік қатынасының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Өңір басшысы Асхат Шахаров жол жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуын қатаң бақылауды, құрылыс материалдарының, соның ішінде битумның тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ жолдарды диагностикалау мен паспортизациялауды жүргізіп, автожолдардың жай-күйін есепке алу мен бақылаудың цифрлық жүйесін енгізуді тапсырды.

«Ақтөбе облысының жол саласы қарқынды дамып келеді, республикалық маңызы бар негізгі трассалар салынып, қайта жаңғыртылуда. Бұл өңірлер арасындағы тұрақты көлік байланысын қалыптастырып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Біз барлық жолдың заманауи стандарттарға сай әрі жүргізушілер мен жолаушыларға қолайлы болуына ұмтыламыз», – деді әкім.

  • 04.03.2026
  • 7
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика