• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шымкентте және Түркістан облысында ЭКСЖ аясында электр желілерін жаңғырту бойынша пилоттық жобалар аяқталды

Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба аясында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Шымкент қаласы мен Түркістан облысында екі пилоттық жобаны іске асыруды аяқтады.

Шымкент қаласында кернеуі 35 кВ «Л-Кайтпас» және «Л-XXI Партсъезд» әуе электр беру желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жалпы ұзындығы 14,37 км болатын желілерде болат-алюминий сым заманауи жоғары температураға төзімді, композитті өзекті сымға ауыстырылды.

Жобаны Шымкент қаласында іске асыру желінің өткізу қабілетін 27 МВт-қа арттыруға, шамамен 24 мың абонентті электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға, сондай-ақ желілердің тозу деңгейін 81%-дан 20%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Инновациялық композитті сымды қолдану тіректерді ауқымды қайта жаңғыртусыз-ақ желілердің жүктемелік қабілетін арттыруды қамтамасыз етеді, жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартады және электр энергиясының технологиялық шығындарын азайтады.

Түркістан облысында кернеуі 0,4 кВ болатын әуе электр беру желілерінің 31 нысанында жалпы ұзындығы 89,763 км қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жоба аясында тозған тіректер темірбетон конструкцияларына ауыстырылып, өздігінен тірелетін оқшауланған сымдар (ӨТОС) енгізілді. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 87,3%-дан 0%-ға дейін төмендеп, 3 582 абонентті электрмен жабдықтаудың сенімділігі артты, апаттылық едәуір қысқарып, электр желілерін пайдалану қауіпсіздігі жоғары деңгейге көтерілді.

ӨТОС технологиясын қолдану технологиялық бұзушылықтарды барынша азайтуға, сымдардың айқасуы салдарынан туындайтын қысқа тұйықталуларды болдырмауға және желілердің қолайсыз ауа райы жағдайларына төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаларды қаржыландыру үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-да кредиттік желі тартылып, «Қазақстандық Тұрғын үй компаниясы» АҚ тарапынан қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жөнінде оң шешім қабылданды. Қарыз қаражаты толық көлемде игеріліп, мердігер ұйымдармен есеп айырысуға бағытталды.

Пилоттық жобаларды іске асыру электр желілік кешенге заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге, инфрақұрылымдық тозуды азайтуға, энергия тиімділігін арттыруға және өңірдің 27,5 мыңнан астам тұтынушысы үшін электрмен жабдықтау сапасын жақсартуға ықпал етеді.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр желілік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып, халық пен бизнесті сенімді әрі тұрақты энергиямен қамтамасыз етуде.

 

  • 10.03.2026
  • 8
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика