- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Жаңа Конституция – жарқын болашаққа жасалған жалпыхалықтық қадам
Бүгін еліміздің жаңа Конституциясын қабылдауға арналған республикалық референдумға барып, еліміздің азаматы ретінде өз дауысымды бердім.
Сайлау кез келген Қазақстан азаматына еліміздің келешектегі бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін демократиялық тетік.
Заман талабына сай әзірленген жаңа Ата заңды қабылдау – ел өміріндегі тарихи әрі маңызды оқиға. Бас құжатта басқарудың өзекті тетіктері бекітіліп, ол құбылмалы заманда адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беріп, алға қарай дамыл таппай дамуға жол ашады.
Мемлекетіміздің жаңартылған төлқұжатын қолдай отырып, біз тұрақтылыққа, прогреске және өзіміз бен балаларымыз өмір сүретін ортаны - әділетті қоғам етіп құруға дауыс беріп отырғанымызды қаперімізде ұстауымыз керек.
- 15.03.2026
- 8


