• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көктем мерекесі қарсаңында ақтөбелік әйелдер мемлекеттік наградаларға иеболды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңындаоблыс әкімі Асхат Шахаров әйелдер қауымынкөктем, сұлулық және шабытқа толы мерекемен құттықтады.

Өнер орталығының залында түрлімамандық иелері – педагогтер, медицина қызметкерлері, спортшылар, кәсіпкерлер, мәдениет саласының қызметкерлері және басқа да салалардың өкілдері жиналды. Олардың әрқайсысы өз еңбегі, таланты және өмірлік даналығымен өңір мен елдің дамуынаүлес қосып келеді.

Құттықтау сөзінде облыс әкімі 8 наурыз – әйелдерге деген шынайы алғыс пен құрметкетолы ерекше мереке екенін атап өтті.

«Әйел-Ана – тіршіліктің тірегі, өмірдіңшуағы, мейірім мен тазалықтың қайнары. Халқымыздың тарихында ақылына көркі сай, ерлігі мен парасаты ұштасқан дана аналар мен батыл арулар аз болмаған. Сол асыл дәстүрдіңжалғасын табуына өз үлестеріңізді қосыпжүрген Сіздер деп білемін», - деді Асхат Шахаров.

Сондай-ақ облыс әкімі Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің қамқорлық, жауапкершілік және жасампаздық қасиеттерінбойына сіңіре отырып, Қазақстандағы ауқымдыөзгерістерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өткенін еске салды.

Өңір басшысы әйелдердің қазіргі қоғамдағырөліне тоқталды.

«Сіздер білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, бизнес және мемлекеттікбасқару сияқты түрлі салаларда табысты еңбек етіп жүрсіздер. Сонымен қатар отбасыныңұйытқысы, рухани құндылықтардыңсақтаушысы болып қала бересіздер. Әрқайсыңыз үлкен жауапкершілікті арқалап, қоғамның дамуына үлес қосып келесіздер. Бүгін ортамызда еңбегімен, талантымен және адалдығымен көпшілікке үлгі болған әйелдеротыр», – деді Асхат Шахаров.

Облыс әкімі салтанатты жағдайдаПрезидент атынан бес ақтөбелік әйелгемемлекеттік наградаларды табыстады.

«Құрмет» орденімен «Interteach Aktobe» медициналық орталығының физиотерапевтіБақыт Тапалова; «Ерен еңбегі үшін» медаліменҚазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақынГүлімай Қуанышова, мүгедектегі бар жандарғаарналған спорт клубының спортшысы Гүлім Кұрманбаева, Әйтеке би ауданындағыКомсомол орта мектебінің директоры Дина Қыдырбаева және кәсіпкер ҚаракөзайымСкендірова наградталды.

Сонымен қатар облыс әкімі түрлі саладатабысқа жеткен бірқатар ақтөбелік әйелгеқұрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Облыс әкімінің құрмет грамотасымен жетіәйел марапатталды. Олардың қатарындаОйыл ауданындағы «Жолшы» балабақшасының тәрбиешісі, балалармен 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Бақыт Ұлықпанова; Шалқар ауданындағы «Асхат» шаруа қожалығының басшысы, көпбалалы ана, мал шаруашылығын табысты дамытып жүргенАйымкүл Әуезова; «Кенкияқ» мұнай-газ өндірубасқармасының геологы, мұнай саласында 40 жылдан астам еңбек еткен Аққұмыс Жұбаниязова; «Батысгеодезия» филиалыныңжетекші сарапшысы Әлия Асанова; Теміржолсаласында 20 жылдан астам еңбек етіп кележатқан локомотив бригадаларыныңнұсқаушысы Жанымгүл Ғибадуллина; Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасыныңтәжірибелі акушері Роза Аюпова; Мәдениет қызметкері, жастармен белсенді жұмыс жүргізетін «Шолпы» қыздар клубыныңжетекшісі Бибігүл Ақжігітова бар.

Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да салаларда еңбек етіпжүрген 40 әйелге облыс әкімінің алғыс хаттарытабысталды.

  • 16.03.2026
  • 3
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика