• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеліктер Көрісу күні – Амал мерекесін кеңінен атап өтті

14 наурыз күні Ақтөбе облысының тұрғындары Көрісу күні – Амал мерекесін ерекше қуанышпен қарсы алды. Қазақстанның батыс аймағында ежелден тойланып келе жатқан бұл көктемгі мереке табиғаттың жаңаруын, көктемнің келуін және халықтық дәстүр бойынша жаңа жылдың басталуын білдіреді.

Ақтөбе қаласындағы негізгі мерекелік шаралар «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алдындағы алаңда өтті. Мұнда ұлттық салт-дәстүр, ән мен би, халықтық ғұрыптарды біріктірген «Берекелі бастау» атты театрландырылған бағдарлама ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға өңір басшысы Асхат Шахаров қатысты.  Әкім тұрғындарды жылы шыраймен қарсы алып, көпшілікпен амандасып, дәстүр бойынша қол алысып, құшақтасып, ізгі тілегін білдірді.

Мереке күні алаң ұлттық нақышта безендірілді: қазақы ою-өрнектермен көмкерілген түрлі-түсті көрмелер қойылып, киіз үйлер тігіліп, онда дәстүрлі қолөнер түрлері таныстырылды. Домбыра мен қобыздың әуені шырқалып, жастар алтыбақан теуіп, балалар бауырсақтан дәм татып, сахнадағы концерттік бағдарламаны тамашалап, халқымыздың салт-дәстүрімен танысты.

Мерекеде халықтың бірлігі мен молшылықтың белгісі саналатын Тайқазанды көтеру дәстүрі көрермендердің қызығушылығын тудырды. Ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер көрісу дәстүрін көрсетіп, бір-біріне ақжарма тілектер айтып, бата берді. Сонымен қатар ақсақал батасымен Тайқазанға от жағу рәсімі өтіп, одан кейін жеті түрлі дәмнен дайындалатын, отбасыдағы береке мен үйлесімділікті білдіретін Наурыз көжені әзірлеу дәстүрі көрсетілді.

Мейрам халықтық ойындар мен спорттық жарыстарға ұласты. Тұрғындар үшін арқан тарту, асық ату секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылып, үлкендер мен балалар қызықты сайыстарға белсенді қатысты.

Мерекенің құрметті қонағы – Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева болды. Оның орындауында «Наурыз думан», «Балдәурен», «Шақырады көктем» және басқа да сүйікті әндер шырқалып, мерекенің ажарын аша түсті.

«Ақтөбе өңірі – қонақжайлы, батырлар мен ақын-жыраулар көп шыққан киелі өлке. Әлия апамның әруағы қолдап, міне, 50 жылдан бері сахнада жүрмін. Сондықтан ақтөбеліктердің менің өнеріме деген жоғары сый-құрметіне басымды иіп, шынайы алғысымды білдіремін. Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын! Бақ-берекеміз арта берсін», – деп концерт барысында Роза Рымбаева ақтөбеліктерге ыстық ықыласын жеткізді.

Осындай мазмұнды шаралар облыстың барлық ауданында да ұйымдастырылды. Концерттер, театрландырылған көріністер, ұлттық ойындар мен халық шығармашылығының көрмесі тұрғындар назарына ұсынылды. Бұл мереке түрлі буын өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, ұлттық дәстүрмен қауыштырды және ел ішінде бірлік пен татулықтың, береке мен қуаныштың атмосферасын қалыптастырды.

  • 16.03.2026
  • 5
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика