- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
МӘМС жүйесі қалай өзгеріп жатыр
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытуға арналған кеңеске қатыстым. Оның барысында МӘМС қорын Қаржы министрлігінің қарамағына берудің алғашқы қорытындылары қаралды.
Бір жарым айда ауқымды жұмыс атқарылды. Айталық, қорда қаржылық бақылау күшейтіліп, медициналық қызметтерге ақы төлеу тәсілдері қайта қаралып, өкілеттіктер орталықтандырыла бастады. Анти-фродты бақылау тетігі енгізіліп жатыр, ол автоматты түрде тіркелу мен ауруханаға негізсіз жатқызуды анықтай алады. Қазірдің өзінде дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде цифрлы теңгені пайдалану іске қосылды.
Qalqan платформасына ерекше мән берілді. Ол пациент пен шығындарға қатысты және клиникалардың жұмысы туралы барлық деректі біріктіреді. Кез келген адам оған қандай қызметтер көрсетілгенін және оған қанша ақша жұмсалғанын көре алады. Медициналық ұйымдар ашық рейтингке ие болады: адал түрде жұмыс істейтіндер жеңілдетілген режімде қызметін жүзеге асыра алады.
МӘМС 2.0 жаңа моделі қызметтердің қарапайым төлемінен стратегиялық басқаруға көшуді көздейді. Бұл ұзақмерзімді болжам жасауды, тәуекелге бағытталған тәсіл мен процестерді толық цифрландыруды қамтиды. Сарапшылардың бағалауына сәйкес бұдан экономикалық тиімділік 200 млрд теңгеден асатын болады.
- 19.03.2026
- 4


