• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақкенженов Е. Қ.
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ерекше бақылау: Энергетика министрлігі 10 ЖЭО-ны «қызыл аймақтан» шығаруды жеделдетуде

Астана – ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов алдағы жылыту маусымына аса маңызды жылу электр орталықтарын дайындау мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді. Кеңеске облыс әкімдерінің орынбасарлары, энергетикалық кәсіпорындардың басшылары және өңірлік штабтардың өкілдері қатысты.

Кеңесті аша отырып, министр ағымдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатқанын атап өтті. «Инвестицияға айырбасталған тариф» бағдарламасының арқасында 2025 жылы елдегі ЖЭО-лардың жалпы тозу деңгейі 61%-дан 59%-ға дейін төмендеді.

Үш ЖЭО «жасыл аймаққа» ауыстырылып, тоғыз нысан «қызыл аймақтан» шығарылды.
Сонымен қатар жағдай қосымша қатаң шараларды талап етеді: бүгінгі таңда Қазақстандағы 37 ЖЭО-ның 10-ы «жасыл аймақта», 17-сі «сары аймақта», ал 10 станция әлі де «қызыл аймақта» қалып отыр.
Жедел назар аударуды қажет ететін проблемалық нысандар қатарына Семей, Теміртау (ГРЭС-1), Петропавл, Ақтау (ЖЭО-2), Павлодар (ЖЭО-2), Степногорск, Орал, Қызылорда, Арқалық және Тараз қалаларындағы ЖЭО-лар енгізілді.

Аталған станцияларда жағдайды тұрақтандыру үшін ауқымды жөндеу науқандары бекітілді. Жалпы проблемалық нысандар бойынша 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 2 энергоблок, 5 қазандық және 2 турбина жөндеуден өткізілуде. 1 турбинаның жөндеуі аяқталды.
Атап айтқанда, «қызыл аймақтағы» ЖЭО-ларда жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Степногорск ЖЭО-сында 2 қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегатты жаңарту жоспарланған. Петропавл ЖЭО-2-де 5 қазандық пен 1 турбоагрегат жөнделеді. Павлодар ЖЭО-2-де 2 қазандық пен 2 турбоагрегат жөндеу көзделген. Ақтаудағы МАЭК ЖЭО-2-де 2 қазандық пен 2 турбоагрегат жөнделеді. Тараз қаласындағы ЖЭО-4-те 1 қазандық агрегаты жаңартылады, ал Теміртаудағы ГРЭС-1-де 1 қазандық пен 1 турбоагрегат дайындалады.

Сонымен қатар жүргізілген талдау тек жөндеу жұмыстарымен шектелу жеткіліксіз екенін көрсетті. Ерлан Ақкенженов коммуналдық нысандарды қаржыландырудың шектеулі екенін және жабдықтарды жаңартқаннан кейін де апаттық тәуекелдердің сақталатынын атап өтті. Бұл қысқа мерзімді жоспарлаудан жүйелі жұмысқа көшу және мердігерлерге бақылауды күшейтуді талап етеді.

«Бігез келесі жылыту маусымына осындай мәселелермен кіруге болмайды. Осы он станцияны “қызыл аймақтан” шығару – ағымдағы жөндеу науқанының абсолютті басымдығы. Әкімдіктер мен станция иелерінен формалды есеп емес, нақты, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын техникалық сауықтыру жоспарларын талап етемін. Барлық тәуекелдер жедел түрде және жергілікті деңгейде шешілуі тиіс», – деді министр.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді:
Өңір әкімдіктеріне – ағымдағы айдың соңына дейін ЖЭО-ларды «қызыл аймақтан» шығару бойынша нақты техникалық шараларды қамтитын егжей-тегжейлі жоспарларды бекіту;
«KEGOC» АҚ-қа – жөндеу жұмыстарының кестелерінің орындалуына қатаң жүйелі мониторинг жүргізу;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетіне – он проблемалық ЖЭО-дағы жұмыстарға және мердігер ұйымдардың қызметіне апта сайын бақылау орнату.

Ерлан Ақкенженов барлық анықталған тәуекелдерді жедел шешу қажеттігін атап өтіп, өңірлер жүйелі тәсіл мен белсенділік танытуы тиіс екенін жеткізді. Бұл халықты сенімді жылумен қамтамасыз етуге және елдің энергетикалық инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Халықты сенімді жылумен қамтамасыз ету мәселесі Энергетика министрлігі басшылығының ерекше жеке бақылауында.

  • 20.03.2026
  • 6
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

Ақкенженов Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика