• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
KPI көрсеткіштерінің орындалмағаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылады: Қанат Бозымбаев ЭКСЖ-ны жүзеге асыру барысын тексерді

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Энергетикалық және коммуналдық  секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны (ЭКСЖ) жүзеге асыру бойынша Жобалық кеңсенің отырысы өтті.

Қатысушылар жобаларды қаржыландыру, есепке алу құралдарын орнату және цифрлық шешімдерді енгізу, оның ішінде су жабдықтау саласындағы пилоттық жобалар туралы баяндады.

Бүгінгі таңда ЭКСЖ аясында расталған жобалардың жалпы сомасы 974 млрд теңгені құрайды. 34 жоба жүзеге асырылу кезеңінде, 130 жоба EPC-мердігерлерді айқындау сатысында. Тағы 145 жоба іріктеудің әртүрлі кезеңдерінен өтуде.

Ұлттық жобаны жүзеге асыруға әкімдіктерді тарту рейтингі қалыптастырылды. Оған дайындығы бойынша Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары көш бастап тұр. Артта қалған өңірлер қатарында Маңғыстау мен Ұлытау облыстары бар.

ЭКСЖ шеңберінде кәріздік-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жұмыстары жалғасуда: 16 жоба толық жүзеге асыруға дайын, тағы 6 жоба пысықтау және әкімдіктер тарапынан түпкілікті шешім қабылдау сатысында.

«Бәйтерек» холдингі мыңнан астам өтінімді қарады. Екінші кезеңде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 144 жоба келісілді. Оның ішінде 89-ы – Қазақстанның даму банкі мен екінші деңгейлі банктер арқылы тікелей кредиттеу тетігі бойынша, 55-і – Қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу тетігі бойынша мақұлданды.

Су жабдықтау саласында заманауи есепке алу жүйелерін енгізу үшін есепке алу құралдарына қойылатын стандарттар әзірленді. Құжаттар Әділет министрлігінде тіркеуден өтуде.

ЭКСЖ электрондық сатып алу платформасының жұмысы бойынша байланыс орталығы (8 7172 99-94-36) ашылды. Іске қосылған сәттен бастап 800-ден астам өтініш тіркелді. Қазіргі уақытта ЭКСЖ-ның электрондық платформасын Bitrix жүйесімен интеграциялау аяқталуға жақын.

Отырыс барысында Қанат Бозымбаев желілердің ұзындығы, қаржыландыру көлемі және өңірлер бөлінісі бойынша нақты параметрлер көрсетілген ЭКСЖ-ны жүзеге асырудың бекітілген Жоспар-кестесіне қарамастан, жекелеген көрсеткіштер бойынша артта қалу фактілері бар екенін атап өтті. Әрбір көрсеткіш бойынша жауапты мемлекеттік органдар бекітілген. Вице-премьер нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынуды талап етті. Мерзімдердің созылуы жағдайында лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі қаралатын болады.

Атап айтқанда, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне ТКШ Қазорталығымен және әкімдіктермен бірлесіп, 10 наурызға дейін ЭКСЖ-ның электрондық платформасында барлық конкурстарды жариялауды және EPC-мердігерлерді толық тіркеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.

Қаржыландыру мәселелері бойынша әкімдіктерге қысқа мерзімде мәслихаттармен бірлескен отырыстар өткізіп, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару рәсімдерін жеделдету тапсырылды.

Қаржы министрлігіне «ҚТК» АҚ-мен бірлесіп, өтінімдер түскен сайын жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз ету жүктелді. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ айдың соңына дейін Дүниежүзілік банкті тарта отырып, кәріздік-тазарту құрылыстары жобаларын қаржыландыруды келісу жұмыстарын тездетуі тиіс.

Жобалық кеңсеге электрондық платформаның жұмысына қатысты барлық өтініштерге жедел ден қою және ЭКСЖ қатысушыларына сатып алудың барлық кезеңдерінде техникалық әрі консультациялық қолдау көрсету тапсырылды.

 

  • 26.03.2026
  • 6
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика