• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясын бастады.

Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде «Мөлдір бұлақ» акциясы еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 28 бұлақта өткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ашып, қалпына келтірді. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылды, қоқыс жиналып, көшеттер отырғызылды.

Өзім Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен бірге Жамбыл ауданындағы Жалғызтал бұлағын тазалауға қатыстым. Сонымен қатар «Мөлдір бұлақ» акциясы аясындағы іс-шаралар Меркі, Сарысу, Шу, Талас, Рысқұлов, Байзақ және Қордай аудандарындағы 7 бұлақ аумағында өтті.

Маңызды акцияға жастардың белсенді қатысқаны ерекше қуантты. Мемлекет басшысы еріктілер қозғалысына әрдайым ерекше көңіл бөліп, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалап келеді. Сол себепті министрлігіміздің бастамасымен елімізде алғаш рет «Болашақтың қайнары» атауымен су саласының еріктілер тобы құрылды. 

Еріктілер тобының Жамбыл облысынан бастау алуы Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің қайта ашылуымен тікелей байланысы. Алдағы уақытта бұл бастама Қазақстанның барлық өңірін қамтиды.

«Болашақтың қайнары» қозғалысы тек экологиялық акцияларға қатысумен шектелмейді. Белсенді жастар су үнемдеуді насихаттау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарға атсалысады.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ведомствоға қарайтын ұйымдардың мамандары еліміз бойынша бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазалау жұмыстарын жүргізген болатын. Іс-шараға 4 мыңнан астам адам қатысып, 300 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бұлақтар су ресурстары тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 711 әлеуетті бұлақ анықталды. Қор және мұрағат материалдары негізінде 2772 бұлақты қамтитын карта жасақталды.

  • 30.03.2026
  • 6
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика