• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тарифтік саясаттың жаңа тәсілдері мен мораторийдің аяқталуы ТМРК қоғамдық қабылдауында талқыланды

2026 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтерді тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді. Осы күні Комитеттің аумақтық департаменттерінің қатысуымен еліміздің барлық өңірлерінде осындай іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook платформасында онлайн форматта өтті. Бұл формат аудиторияны кеңінен қамтуға мүмкіндік беріп, азаматтардың тікелей эфирге қосылып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, уәкілетті орган өкілдерінен жедел жауап алуына жағдай жасады.

Іс-шара Комитет төрағасының орынбасары Н. Булатбаевтың төрағалығымен өтті. Қабылдау барысында мамандар тұтынушыларды электр энергиясы нарығындағы ағымдағы жағдай, тауарлық газдың бөлшек бағаларының өзгеруі, сондай-ақ су және жылумен жабдықтау салаларындағы өтінімдерді қарау тәртібі мен мәртебесі туралы хабардар етті.

Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шаралар кешені азаматтардың табысын қорғауға және инфляцияны тежеуге бағытталғаны атап өтілді. 2026 жылғы наурыз айының соңына дейін коммуналдық тарифтердің өсуіне енгізілген мораторий тарифтік жүктеменің артуына жол бермей, халық үшін қосымша қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, мораторийдің аяқталғаны ерекше атап өтілді. Осыған байланысты тарифтік саясатты кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде іске асыру жөнінде шешімдер қабылданды. Бұл шаралар халыққа түсетін жүктемені барынша төмен деңгейде ұстап, саланың тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

Мемлекеттік тарифтік саясаттың негізгі қағидаты ретінде тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету белгіленді. Қабылданып жатқан шаралар жиынтығы 2026 жылы инфляциялық процестерге бақыланатын және болжамды әсер етуді қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Сондай-ақ іс-шара барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу шаралары қарастырылды. Оның ішінде өндірушілер үшін электр энергиясы мен теміржол тасымалдары құнының өсуін шектеу мәселелері бар, бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ықпал етеді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті ашық қоғамдық қабылдаулар өткізу тәжірибесін жалғастырып, өз қызметінің ашықтығын арттыруға, халықпен кері байланысты нығайтуға және мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері бойынша азаматтарды уақтылы хабардар етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

 

 

  • 20.04.2026
  • 5
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика