• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда электр станцияларының отын мен жөндеуге жұмсалатын шығындары ұлғаюда

2020 жылы және 2021 жылдың басынан бастап энергия өндіруші ұйымдардың жұмсалатын шығындары ұлғаюда, деп хабарлады Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов.

2020 жылы Қаражыра көмірінің бағасы 8,6% - ға, Богатырь көмірінің бағасы 9,9% - ға өсті. Оны тасымалдау шығындары 7% - ға артты.

- Энергия өндіруші ұйымдардың көмір разрездері алдындағы берешегінің жалпы сомасы шамамен 2 млрд. теңге, ал газ кәсіпорындары алдында шамамен 4 млрд. теңге берешегі қалыптасты, - деді Рахимов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

«Жасыл» энергетиканың өсуімен электр энергиясының көлемі де ұлғайды, оны дәстүрлі электр станциялары ЖЭК объектілерінен сатып алуға міндетті. Рахимовтың айтуынша, 2021 жылы ЖЭК-тен сатып алынатын электр энергиясының көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 68% - ға, жаңартылатын энергетикаға жұмсалатын шығындар 49% - ға ұлғайды.

Айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша шығындар да ұлғайды (2020 жылғы 2 778 теңгеден 2021 жылы 2 917 теңгеге дейін).

Сондай-ақ вице-министр электр станциялары тарапынан бюджетке төленетін міндетті төлемдердің өзгеру серпінін атап өтті. Мәселен, 2016 жылы салық төлеу 10,5 млрд. теңгені құрады, 2021 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіш 14 млрд.теңгеден асады. Экологиялық төлемдер 2016 жылдан бастап шамамен екі есеге: 7,4 млрд.теңгеден 2021 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін 13,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылатын болады.

Елімізге сырттан әкелінетін жабдықтар бойынша бағаның өсуіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындардың өсуі байқалады.

Электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтер заңнамаға сәйкес 7 жылға белгіленеді. Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындар іс жүзінде ұлғайған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар шекті тарифтерді түзетуге өтінім беруге құқылы.

Жоғарыда аталған себептер негізінде 2020 жылдың қыркүйегінде 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сі Энергетика министрлігіне электр энергиясын өндірудің шекті тарифтерін қайта қарауға өтінім берді.

Берілген өтінімдер бойынша шекті тарифтердің өсуі 36% деңгейінде болжанды. Жарты жылдан астам уақыт ішінде берілген өтінімдердің негізділігіне талдау жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар мен талқылаулардың нәтижесінде станциялардың шекті тарифтерінің мәлімделген деңгейін арттыру үлесі екі еседен астам төмендетілді.

Тиісті бұйрық жобасы 2021 жылғы 5 наурызда «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Бұйрық бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Энергетика министрлігінде аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен талқылау жүргізілді. Бұйрық жобасы Қоғамдық кеңесте қаралып, «Ашық НҚА» порталының электрондық алаңында талқыланды.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің тиісті бұйрығымен тарифтер түзетілді.

Осы бұйрық 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілуі тиіс. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері орта есеппен 15% деңгейінде өседі деп болжануда.

  • 30.03.2021
  • 324
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика