• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, Шу ауданындағы су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жобаларының іске асырылу барысымен таныстым.

Қазіргі таңда ауданда Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы аясында жалпы ұзындығы 263 шақырымнан асатын 42 каналды жөндеу және реконструкциялау жұмыстары басталды. Оның ішінде екі магистральды каналды қоса алғанда, 120 шақырым канал толық бетондалады.

Жұмыстарға алты мердігер ұйым қатысып жатыр. Сондай-ақ 100-ден астам арнайы техника мен 240-тан аса адам жұмылдырылған. Жобаны іске асыру ауданның 31 мың гектар суармалы жерінің мелиорациялық жағдайын жақсартып, су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Барлық құрылыс-монтаж жұмысы 2027 жылдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Ең алдымен «Масақ-Ақтөбе», «Естемес» және «Беймембет» каналдарындағы жұмыстармен таныстым. Қазіргі уақытта каналдарды бетондау және науаларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан кейін министр Сол жағалау магистральды каналындағы жұмыстардың барысымен таныстым. Оның жалпы ұзындығы - 37,7 шақырым. Бұл нысанды реконструкциялау 9349 гектар суармалы жерге су жеткізуді жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта нысанда механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Одан соң жалпы ұзындығы 50 шақырымнан асатын Оң жағалау магистральды каналы мен «Бірлік» және «Больничный-1» каналдарын реконструкциялау жұмыстарымен таныстым. Қазіргі таңда каналдарды бетондау және жекелеген учаскелерді қамыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс сапары Тасөткел магистральды каналында жалғасты. Қазіргі уақытта нысан бойында орналасқан жалпы ұзындығы 18,7 шақырымды құрайтын төрт каналда науаларды демонтаждау, бетондау және шөптерден тазарту жұмыстары басталды.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы 86,5 шақырым болатын тоғыз каналды құм мен шөптерден механикалық тазарту жұмыстарының барысымен, сондай-ақ жалпы ұзындығы 20 шақырымнан асатын жеті каналда бетондау, темірбетон науаларын орнату және гидротехникалық нысандар салу жұмыстарымен таныстым.

Айта кетейін, жалпы алғанда Жамбыл облысында «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы Байзақ, Меркі, Сарысу, Талас және Шу аудандарында жалпы ұзындығы шамамен 400 шақырым болатын 71 каналды қайта жаңғыртуды көздейді.

Су шаруашылығы нысандарын тексеруді аяқтағаннан кейін Шу ауданы әкімдігінде мердігер ұйымдар өкілдерімен инфрақұрылым жобаларын сапалы жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткіздім.

Жүзеге асырылып жатқан жоба Шу ауданы мен жалпы Жамбыл облысының аграрлық секторының болашағы үшін аса маңызды. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы министрліктің ерекше бақылауында. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Біз инвестиция тарту және сапалы сараптама жүргізу бағытында үлкен жұмыс атқардық, енді жобаны толық аяқтау қажет.

  • 08.05.2026
  • 4
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика