- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Қадірлі отандастар, ардақты ардагерлер!
Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүл мереке – батырлық пен ерліктің, қайсарлық пен отансүйгіштіктің жарқын символы.
Ерлік көрсеткен бабаларымыздың батырлығы мен қайтпас қайсарлығы жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.
Зұлымдыққа қарсы тұрып, адамзатты сақтауға жанын салған соғыс және тыл ардагерлеріне алғысымыз шексіз.
Ардагерлеріміздің ерлігі – біз үшін мәңгілік өнеге.
Осынау атаулы мерекемен құттықтай отырып елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілеймін.
Мерекелі де берекелі күндеріміз көп болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі М. Такиев
- 09.05.2026
- 14


