• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С.ТРҰМОВ: «БЮДЖЕТ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАНУЫ ТИІС»

Облыстық мәслихаттың екінші сессия өтті

Бүгін өңір басшысы Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының  VII сайланған мәслихатының екінші сессиясына қатысты. Жиында  облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев бюджет параметрлерін нақтылау  бойынша  ұсыныстар енгізу туралы және аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу бойынша баяндама жасады. 
  2021 жылға жалпы облыс бюджеті 236,1 млрд.теңге көлемінде бекітілді, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер көлемі 65,9 млрд.теңге. Осы қаржыдан бірінші кезекте  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында жасақталған республикалық және облыстық Жол карталарында белгіленген шараларға жұмсалады.  
   «Балаларға үздік білім беру» бағытында мектепке жаңарту жүргізу және сол мектептерде физика, химия, биология пәндері кабинеттерін ашу көзделген. Біздің облыс бойынша барлығы 22 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын және пәндік кабинеттер ашуға да биыл қазынадан қаржы бөлінеді.  
  Сонымен қатар, республикалық  Жол картасының «Жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 46 жұмыссыз жас жұмысқа орналастырылады және 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жалақысы субсидияланатын болады. Бизнес бастау, экологиялық ахуалды жақсарту, Маңғыстау ауданы мен Ақтау қаласы үшін қоқыс контейнерлерін сатып алуға, көп қабатты үйлердегі лифттерді кезең-кезеңімен жаңартуға қаржы бөлу ұсынылады. Сондай-ақ, Жергілікті полиция қызметкерлерін қажетті мобилді құралдармен жарақтандыруға және Ақтау қаласында 600 бейнекамера орнату жоспарланды.
  Мәслихат отырысында жол картасынан бөлек, жергілікті бюджеттің кезек күттірмейтін шығыстарын қаржыландыруға қосымша қаражат бөлу ұсынылды. Атап айтқанда, "Шығыс-1" мектебінің құрылысын аяқтау, Ақтау қалаішілік автобустарда азаматтардың жекелеген санаттарының жол жүру төлемін субсидиялау, шағынаудандар ішіндегі жолдарды жөндеу, жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру. Мәслихат депутаттары биылға жоспарланған бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды бірауыздан  қолдады.
  Сессия барысында депутаттар тарапынан қосымша қаржылардыру мүмкіндігін қарастыру бойынша  бірқатар ұсыныстар айтылды. 
1.  Маңғыстау облыстық ауруханасына көпбейінді кереует және Қарақия аудандық ауруханасына мамография аппаратын алу. Ұсыныс  денсаулық сақтау басқармасымен жалпы сипаттағы трансферлер есебінен шешілетін болды. 
2.  Бекі ауылына мектеп салу және осы ауылды сумен қамту. Облыс әкімінің бірінші орынбасарының айтуы бойынша ауылға мектеп құрылысы  2023 жылы салыну қажет болған. Алайда, ол жұмыстар 2022 жылға ығыстырылды. Ал, су мәселесі бойынша осы жылы Басқұдық және Бекі ауылдарын сумен қамту жобасы басталды. 
3.  Мұнайлы ауданындағы ауыз су тапшылығын шешу. «Бұл мәселе бойынша «Каспий» су тұщыту зауытының қуаттылығын 24 мың текше метрге дейін ұлғайту  мақсатында арнайы мембрамалар сатып алынды. Баянды ауылында  тәулігіне 1 мың текше метр қондырғысы орнатылып, қолданысқа берілді және арнайы ауыз су таситын 20 автокөлік сатып алынады»,- деді А.Меңдібаев.
4.  Баянды ауылында қатты қалдықтар полигоны құрылысын аяқтау. Жобаға қосымша қаржы бөлініп, құрылысын аяқтау жоспарлануда.
  Аймақ басшысы С.Трұмов депутаттар жолдаған ұсыныстардың өте орынды екенін айтты. «Қазына қаржысын қажет ететін әр жоба қоғам өкілдерімен талқылану керек,  бірлесіп қабылданған  шешім тиімді іске асады»,-деді облыс әкімі.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 01.04.2021
  • 233
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика