• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Богослов тас жолы бойында ауқымды сенбілік өтті

Қаланың ең көп ластанған аумақтарының бірін тазалауға 400-ден астам адам қатысты.

Іс-шара өңірде жарияланған елді мекендерді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша екі айлық акция аясында ұйымдастырылды.

Тас жол бойында таңертеңмен қызу жұмыс басталған. Сенбілікке спорт мектебі, политехникалық колледж, құрылыс-техникалық колледж, сервис колледжі, «Шаңырақ» аула клубы, Сазды мәдениет үйі, №66 және №83 мектептер, Сазды орта мектебінің қызметкерлері қатысты. Экологиялық акцияға сондай-ақ ардагерлер, әжелер кеңесі, «Мирас» қоғамдық қозғалысының белсенді мүшелері, «Экотон», «Стройдеталь», «Easy», «Көктас» ЖШС ұжымдары және жақын маңдағы тұрғын алаптарының тұрғындары қосылды.

Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, бұрынғы құм карьері орналасқан Богослов тас жолы бойындағы аумақ көп жылдан бері бейберекет қоқыс орнына айналған. Бұл жерге Бауырластар-1, 2, 3, 4, 5 және Сазды тұрғын алаптарының тұрғындары тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тасып келген.

Бауырластар-1 тұрғын алабының 76 жастағы тұрғыны Асан Құрбанов сенбіліктерге көп жылдан бері қатысып келе жатқанын айтты.

«Біз мұнда 2006 жылдан бері тұрамыз және жыл сайын тазалық жұмыстарына шығамыз. Бұрын бұл жерде құм карьері болған, кейін адамдар қоқыс тастай бастады. Бүгін сенбілікке мекеме қызметкерлері, ардагерлер, зейнеткерлер, жастар мен тұрғындар шықты. Баршаға айтарым — қоқысты кез келген жерге тастамаңыздар, балаларға да мұның дұрыс емес екенін түсіндіріңіздер. Ол үшін арнайы полигон бар. Бүгін келіп, осы жерді тазалауға көмектескендердің барлығына алғыс білдіремін», — деді ақсақал.

Сенбілік барысында қатысушылар аумақтың жағдайына алаңдаушылықтарын жасырмады.

«Табиғатты қалайша бұлай ластауға болады? Бұл — бәрімізге ортақ жер. Мұнда біздің балаларымыз бен немерелеріміз өмір сүреді. Адамдар өздері тұратын жерге неге бұлай қарайды?» — деді ардагерлер тас жол бойындағы қоқысты жинап жүріп.

Жиналған қоқысты шығару үшін кәсіпорындар арнайы техника бөлді: 6 самосвал мен 3 тиегіш жұмылдырылды. Бірнеше сағат ішінде қатысушылар көп мөлшердегі қоқысты жинап, сыртқа шығарды.

Сенбілік кезінде аумаққа облыс әкімі Асхат Шахаров барып, жұмыстардың барысымен танысты.

«Тазалық әр адамнан басталады. Бүгін Богослов тас жолы бойындағы аумақ ретке келтірілуде. Өкінішке қарай, мұнда өте көп қоқыс жиналған, бұл — қоршаған ортаға жауапсыз қараудың салдары. Бейжай қалмай, сенбілікке қатысқан барлық тұрғынға, ардагерлерге, жастарға, кәсіпорындар мен ұйым қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Осындай шаралар біздің бірлігімізді және туған жерге деген жанашырлығымызды көрсетеді. Бірақ тек тазалау жеткіліксіз, қайта ластануға жол бермеу маңызды», — деді Асхат Шахаров.

Еске салсақ, санитарлық тазарту бойынша екі айлық акция мамыр айының соңына дейін жалғасады.

  • 25.05.2026
  • 4
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика