• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қала күні: Асхат Шахаров өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан жандарға құрмет көрсетті

Облыс әкімі қала күніне орай өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан Ақтөбенің құрметті тұрғындарын құттықтады.

Құттықтау аясында Асхат Шахаров белгілі ақтөбелік балалар хирургі Сағидолла Досмағамбетовтің шаңырағына барды.

Сағидолла Прімжанұлы – жоғары санатты дәрігер, балалар хирургиясы мен өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына 40 жылдан астам өмірін арнаған маман. Еңбек жолын 1978 жылы облыстық балалар клиникалық ауруханасында бастаған. Еңбек жолында 8 өнертабыс патентінің авторы атанып, мемлекеттік және кәсіби марапаттарға ие болды. Сонымен қатар облыстағы балалар хирургиясы қызметінің дамуына және жас мамандарды даярлауға зор үлес қосты.

Бүгінде Сағидолла Прімжанұлы жұбайы Жұмагүл Аманжолқызымен бірге тұрады. Ол да көп жыл денсаулық сақтау саласында еңбек еткен педиатр-дәрігер, балаларды емдеуге өз үлесін қосқан маман. Олардың отбасы – нағыз медициналық әулет. Ұлы Ануар – кардиохирург, бөлім меңгерушісі, қызы Гүлсара – Астанадағы дерматолог-дәрігер, кенже ұлы Диас кәсіпкерлікпен айналысады. Отбасында бес немере тәрбиеленіп өсіп келеді.

Асхат Шахаров дәрігерге өңір медицинасының дамуына қосқан көпжылдық еңбегі үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыстады.

«Сіздің көпжылдық еңбегіңіз – мамандыққа адалдық пен елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Осындай дәрігерлердің арқасында облыстың денсаулық сақтау жүйесі дамып, тұрғындардың медицинаға деген сенімі нығая түседі», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Сағидолла Досмағамбетов көрсетілген құрмет пен ықыласқа ризашылығын білдіріп, мұндай бағалаудың өзі үшін ерекше маңызды екенін айтты.

«Дәрігерлердің еңбегі елеусіз қалмайтыны қуантады. Мен бар ғұмырымды балалар үшін еңбек етуге арнадым және туған өңіріме пайдам тигеніне қуаныштымын», – деді ол.

Сол күні облыс әкімі Валентина Дынникпен де кездесті.

Валентина Даниловна көпшілікке саяжай тұрғындарының тұрмыстық және ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге ұзақ жылдар бойы көмектескен жан ретінде жақсы таныс. Ол ұзақ уақыт бойы қалалық «Садовод» қоғамын басқарып, саяжай ұжымдарының жұмысын үйлестірді, саяжай аумақтарын дамыту және тұрғындардың жағдайын жақсарту мәселелерімен айналысты. Оның табандылығының арқасында көптеген мәселе оң шешімін тапты.

Қазіргі таңда Валентина әжей қоғамдық қызметін жалғастырып, белорустардың «Олеся» этномәдени бірлестігінің жұмысына белсенді қатысып келеді. Сонымен қатар ұлтаралық келісімді нығайтуға және қаланың қоғамдық өмірінің дамуына өз үлесін қосуда.

«Валентина Даниловна, сіз – еңбегімен және адамдарға деген жанашырлығымен айналасына оң өзгеріс әкелген жандардың бірісіз. Көптеген ақтөбеліктер Сізді әрдайым көмек пен қолдау көрсетуге дайын тұратын адам ретінде таниды. Мейірімділігіңіз, белсенді өмірлік ұстанымыңыз және қаламыздың дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Осындай азаматтар – қоғамның нағыз тірегі», – деді Асхат Шахаров.

Облыс әкімі Валентина Дынникке Құрмет грамотасын табыстап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және қоғамдық қызметте белсенді болуын тіледі.

  • 01.06.2026
  • 5
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика