- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Мемлекеттік бюджет тұрақтылығын және даму бюджеті мәртебесін сақтап отыр
Мемлекеттік бюджет тұрақтылығын және даму бюджеті мәртебесін сақтап отыр
2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері жоспардан асып, 11,4 трлн теңгеден асты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 16%-ды құрады. Бұл экономикалық белсенділіктің оң серпіні мен бюджетке түсетін түсімдердің артып келе жатқанын көрсетеді.
Республикалық бюджет кірістері 100,9%-ға орындалды: жоспарланған 7,34 трлн теңгенің орнына нақты түсімдер 7,41 трлн теңгені құрады. Жоспардан тыс түскен қаражат көлемі 66,7 млрд теңгеге жетті. Кірістердің негізгі бөлігін бұрынғыдай салықтық түсімдер құрайды, олардың үлесі 97,7%-ды құрады.
Мұндай нәтижелерге экономиканың және іскерлік белсенділіктің өсуі, әлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы жағдай, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған реформалардың арқасында қол жеткізілді.
Сонымен қатар мемлекеттік бюджет даму бюджеті мәртебесін сақтап отыр. Біз ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің негізін қалайтын жобаларды қаржыландыруды жалғастырудамыз. Олардың қатарында автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, көлік-логистикалық дәліздерді дамыту, сондай-ақ энергетика, сумен жабдықтау және цифрландыру салаларындағы жобалар бар.
Осы міндеттердің дәйекті түрде жүзеге асырылуы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ел экономикасына қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
- 01.06.2026
- 4


