- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Өңірдегі екі айлық тазалық акциясы аяқталды, санитарлық жұмыстар жалғасады
Екі айлық санитарлық аяқталды, санитарлық шаралар жалғасады.
Санитарлық тазалық бойынша екі айлыққа 168 мыңнан астам адам қатысты.
Облыс әкімі аппарат мәжілісі барысында санитарлық тазалық пен абаттандыру бойынша екі айлықтың қорытындысын шығарып, атқарылған жұмыстардың ауқымын атап өтті және өңірдегі елді мекендердің тазалығын жүйелі түрде бақылауды жалғастыру қажеттігін айтты.
Сенбіліктер 10 апта бойы облыстың қалалары мен аудандарында өткізілді. Оларға 168 мыңнан астам адам қатысып, 377 техника жұмылдырылды.
Іс-шаралар аясында 7 101 көше мен 825 саябақ тазартылып, 2 126 заңсыз қоқыс үйіндісінен 9 205 тонна қоқыс, сонымен қатар, елді мекендердің көшелерінен 19 697 тонна қоқыс жиналып шығарылды. Бұдан бөлек, 464 шағын сәулет нысанының сыртқы келбеті қалпына келтірілді.
Жағалау аймақтарының санитарлық жағдайына аса көңіл бөлінді. Жалпы ұзындығы 626 шақырымды құрайтын жағалау аумағы қоқыстан тазартылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өңірімізде басталған екі айлық 30 мамырда аяқталды. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады. Осыған байланысты өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне аумақтардың санитарлық жағдайы мен абаттандыру мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
«Санитарлық тазалық бойынша екі айлыққа қатысқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Атқарылған жұмыстардың көлемі айтарлықтай екені көрініп тұр. Тұрғындар, кәсіпорын ұжымдары мен ұйымдар тазалық жұмыстары мен абаттандыру ісіне белсенді атсалысты.
Алайда бұл жұмыспен бәрі аяқталмайды. Маңыздысы – акция өткізумен шектелмей, тазалықты тұрақты түрде сақтау. Қалаларымыз бен ауылдарымыз тек сенбіліктерден кейін емес, күн сайын таза болуы тиіс. Көшелердің, аулалардың, саябақтардың тазалығы тұрғындардың өмір сүру жайлылығына да, қоршаған ортаға деген көзқарасына да әсер етеді. Сондықтан қала және аудан әкімдеріне аумақтардың санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз етуді және заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуді тапсырамын.
Сондай-ақ бұл жұмысқа тұрғындар, әсіресе жастардың белсенді қатысуы маңызды. Тазалық әр үйден, әр ауладан және әр адамның өзінен басталады. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана қалаларымыз бен ауылдарымызды таза әрі жайлы ете аламыз», – деді облыс әкімі.
- 02.06.2026
- 6


