- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Марк Боуманмен кездестім.
Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту саласындағы қазіргі ынтымақтастықты, сондай-ақ су саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың алдағы мүмкіндіктерін талқыладық.
ЕҚДБ-мен әріптестіктің маңызын атап өтіп, Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруға көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдірдім. Кездесу қорытындысы бойынша су ресурстарын тұрақты басқару және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келістік
- 04.06.2026
- 5


