• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Премьер-Министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді

Жиынға бейнеконференц байланыс арқылы облыс әкімі Асхат Шахаров бастаған сала басшылары мен агроөнеркәсіп құрылымдарының жетекшілері қатысты.

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саланың дамуына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы халықтың әл-ауқатын жақсарту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономиканың тұрақты өсуі үшін шешуші рөл атқарады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталғанын мәлімдеді. Республика бойынша 23,8 миллион гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Егіс құрылымын әртараптандыру аясында майлы және мал азықтық дақылдардың көлемі ұлғайтылды. Сонымен қатар мемлекет тарапынан шаруаларды қолдау үшін жеңілдетілген дизель отыны бөлініп, тұқым қоры толық қамтамасыз етілді және минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемі арттырылды.

Жиында мал шаруашылығының дамуы мен ветеринариялық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды. Соңғы екі жылда елімізде 600-ге жуық ветеринариялық нысан салынып, зертханалар жаңғыртылуда. Нәтижесінде Қазақстан ресми түрде аусылдан таза ел мәртебесіне ие болды. Бұл отандық ет және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Премьер-Министр ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігін күшейту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларына сәйкес шаруашылықтар ауыл тұрғындарын жыл бойғы тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары қарастырылатынын ескертті.

Сондай-ақ кеңесте су ресурстарын тиімді пайдалану, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды күшейту, ауыл шаруашылығын цифрландыру және жасанды интеллект элементтерін енгізу мәселелері талқыланды. Үкімет аграрлық өндірістің барлық кезеңдеріне заманауи цифрлық технологияларды енгізуді маңызды міндет ретінде белгіледі.

Отырыс аяқталғаннан кейін өңір фермерлері өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады. Қарғалы ауданындағы «Степное» ЖШС-нің директоры, Еңбек Ері Аманғос Төлеуовтің айтуынша, мемлекеттік қолдау көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізуге мүмкіндік беруде.

«Көктемгі дала жұмыстары кезінде бізге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау көрсетілді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылына небәрі 5 пайыз. Сонымен қатар шаруашылықтарды дамытуға және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін өзге де қолдау шаралары үшін мемлекетке ризашылығымызды білдіреміз. Біз бірлескен жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз, ауыл тұрғындары мен аграршылардың мәселелеріне көрсетіліп отырған назарды жоғары бағалаймыз», – деді ол.

«RAMAZAN QUS» ЖШС-нің бас директоры Тимур Есенжаров мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетіліп жатқан қаржылай қолдаудың кәсіпорын дамуына серпін бергенін айтты.

«Біздің құс фабрикамыз 1966 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам құс ұстаймыз және жыл сайын 185 миллион дана жұмыртқа өндіреміз. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 1,6 миллиард теңге несие алдық. Өз қаражатымыздан тағы 600 миллион теңге бағыттадық. Қазір төрт жаңа өндірістік цехтың құрылысы жүріп жатыр. Жоба іске қосылғаннан кейін жылдық өндіріс көлемі 270 миллион дана жұмыртқаға дейін ұлғаяды», — деді ол.

Кәсіпорын басшысы Үкімет отырысында көтерілген ветеринариялық қауіпсіздік мәселесінің өзектілігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, құс тұмауы секілді аурулардың алдын алу үшін ветеринариялық бақылауды күшейту аса маңызды.

  • 08.06.2026
  • 6
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика