• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысының мұғалімдері мемлекеттік наградаларға ие болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі, көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін өңірдің төрт педагогі орден-медальдармен марапатталды. Жоғары мемлекеттік наградаларды ұстаздарға Президенттің атынан облыс әкімі Асхат Шахаров табыстады.

Салтанатты марапаттау рәсімі облыс әкімдігінде өтті.

Асхат Шахаров педагогтерді жоғары мемлекеттік марапаттарымен құттықтап, білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Білім беру саласына сіңірген елеулі еңбегі мен ел алдындағы қызметі үшін Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Маржан Естөре мен М. Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның мұғалімі Ботагөз Омарова «Құрмет» ордендерімен наградталды.

Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі Ойыл ауданының Көсембай негізгі мектебінің мұғалімі Ерсайын Аққошқаров және дарынды ұлдарға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының педагогі Айгүлім Батырғалиеваға табысталды.

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маржан Естөре білім саласына ұзақ жылдар бойы еңбек сіңіріп келеді. Осы уақыт аралығында ол республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған көптеген дарынды шәкірт тәрбиеледі. Сонымен қатар педагог Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университетте орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінен дәріс беріп, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады және әріптестеріне арналған оқыту семинарларын өткізеді. Былтыр ол білім беру саласындағы жетістіктері үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен марапатталыпты.

«Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі көп жылғы еңбегіме берілген жоғары баға. Осы жылдар ішінде біз дарынды түлектерді тәрбиелеп шығардық, олар бүгінде түрлі салада табысты еңбек етіп жүр. Ел Президентіне, мектеп басшылығына және әріптестеріме қолдаулары үшін алғыс білдіремін. Біз мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп жатқан қамқорлық пен қолдауды анық сезінеміз», – деді Маржан Данахметқызы.

М. Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның математика пәні мұғалімі Ботагөз Омарова мектепте 30 жылдан бері жұмыс істейді. Ол 5–10 сынып оқушыларына математикадан сабақ береді және бұл марапаттың өзі үшін айрықша маңызға ие екенін айтты.

«Осы жылдар ішінде түрлі алғыс хаттар мен марапаттарға ие болдым. Алайда мұндай деңгейдегі мемлекеттік награда өмірімде алғаш рет беріліп отыр. Еңбегім мен білім беру саласына қосқан үлесімнің осындай жоғары бағаланғанына өте қуаныштымын», – деді ұстаз.

Ойыл ауданы Көсембай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ерсайын Аққошқаровтың білім беру жүйесінде еңбек етіп келе жатқанына - 42 жыл. Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл мектептеріндегі білім беру жағдайы едәуір жақсарған.

«Қазір ауыл және қала мектептерінің материалдық-техникалық базасы іс жүзінде теңесті. Ойыл ауданында жаңа мектептер салынып жатыр, білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуде. Мұның нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, педагогтердің кәсіби шеберлігі өсуде. Біздің ұстаздарымыздың арасында педагог-шеберлер, зерттеушілер мен модераторлар бар. Олардың тәжірибесі мен кәсібилігі оқыту сапасын арттыруға, заманауи әдістемелерді енгізуге және оқушылардың түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетуіне мүмкіндік береді», – деді Ерсайын Аққошқаров.

1997 жылы салынған Көсембай негізгі мектебінде бүгінде 60 оқушы білім алады. Білім ордасында 20 педагог қызмет етеді.

Марапаттау рәсімі күн сайынғы адал еңбегі арқылы білім беру ісінің дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ұстаздардың еңбегіне көрсетілген құрмет пен жоғары бағалаудың айқын көрінісі болды.

  • 08.06.2026
  • 6
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика