• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін ұсындым.

ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін ұсындым.

Былтыр бюджеттің орындалуы сыртқы баға факторларының, инфляциялық қысымның және әлемдік экономикадағы тұрақты белгісіздік жағдайында жүзеге асырылды. Соған қарамастан Қазақстан экономиканың өсімін 6,5% деңгейінде қамтамасыз ете алды. Мемлекеттік қаржының тұрақтылығы сақталып, азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттеме толық орындалды.

Мәселен, республикалық бюджеттің меншікті кірісі былтырғымен салыстырғанда 17,5% ұлғайып, 15,3 трлн теңгеге жетті. Табыстың артуына экономикалық белсенділіктің нығаюы, салық түсімдерінің көбеюі мен басқару тетіктерін жетілдіру әсер етті.

Есепті жылы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды. Осы мақсатқа 9,3 трлн теңге бағытталып, өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бөлінді. Ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. Студенттерге 10 мыңнан аса орынға шақталған 30 жатақхана пайдалануға берілді.

Тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру жалғастырылды. Жыл қорытындысына сәйкес 20,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5 141 тұрғын үй сатып алынды. Айтарлықтай қаражат инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталды: 6,3 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып жөнделді, 980 шақырымдай инженерлік-коммуникациялық желілер реттелді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту және өңірлердің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Барлық жөндеу түрімен 13 мың шақырымға жуық автомобиль жолы қамтылды. Мемлекеттік қолдау әлеуметтік маңызы бар теміржол мен әуе бағыттарын сақтауға мүмкіндік беріп, азаматтардың ұтқырлығы мен өңірлердің байланысын қамтамасыз етуге жол ашты

Бүгінде Үкімет алдында мемлекеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландырудан бөлек, азаматтарға нақты әсер ететін нәтижелерге қол жеткізу міндеті тұр. Дәл осындай тәсіл бюджет саясатының тиімділігі мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын одан әрі арттыруға септігін тигізеді.

  • 10.06.2026
  • 5
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика