• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ойыл жастары облыс әкіміне өз ұсыныстарын жеткізді

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ойыл ауданының жастарымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастар бастамаларын қолдау, жас мамандардың өзін-өзі дамытуы және өңірдегі жастар саясатының келешегі талқыланды.

Кездесу 12 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін Жастар ресурстық орталығында өтті. Орталық азаматтық белсенділікті арттыру, жастар бастамаларын қолдау және бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытындағы жобаларды жүзеге асырады. Мекеме демеушілердің қолдауымен салынған жаңа ғимаратта орналасқан. Нысан 2024 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріліпті.

Жастармен жүздесу кезінде өңір басшысы мемлекет тарапынан білім алу, кәсіби өсу және заманауи құзыреттерді дамыту үшін кең мүмкіндіктер жасалып жатқанын алға тартты.

«Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар жастарға білім алу, жұмысқа орналасу және жаңа дағдыларды меңгеруде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жол ашып отыр. Мемлекет басшысы бұл бағыттың маңыздылығын, әсіресе жасанды интеллект пен цифрлық құзыреттерді дамыту мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Сонымен қатар технологиялар қарқынды дамып жатқан заманда кітап оқуға деген қызығушылықты жоғалтпау маңызды. Кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін дамытады және өз көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Жас ұрпақ тек технологияны меңгерген емес, рухани бай, білімді әрі жан-жақты болуы қажет. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасын ерекше атап өткім келеді. Тазалық тек қоршаған ортадан емес, адамның ішкі мәдениетінен, жауапкершілігі мен қоршаған ортаға деген көзқарасынан басталады. Сондықтан бүгінгі күні заманауи білім мен технологияларды рухани құндылықтармен ұштастыру маңызды. Бұл үшін елімізде барлық қажетті жағдай жасалып жатыр», – деді Асхат Шахаров.

Кездесуде аудан жастары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, түрлі ұсыныстарын ортаға салды. Жас мамандардың атынан сөз сөйлеген Әсет Дайынова жастар мәселелеріне көңіл бөлгені үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.

«Жастардың көптеген тың идеялары бар және олардың қолдау тапқаны өте маңызды. Осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса, жастар өз ұсыныстарын ашық айтып, пікірлерінің ескерілетініне сенімді болар еді», – деді ол.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі жастардың белсенділігі ауданның дамуына серпін беретін маңызды фактор екенін атап өтіп, барлық перспективалы бастамаға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

«Ең бастысы – идея болуы керек. Оларды жүзеге асыруға қажетті қолдау көрсетіледі», – деді өңір басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Шахаров жастар бастамаларын іске асыру жұмыстарын күшейту, жастар жобаларының ауқымын кеңейту және жастарды ауданның қоғамдық өміріне белсенді тартуды тапсырды.

Аймақ басшысы Ойыл ауылында былтыр пайдалануға берілген жаңа мектептің тыныс-тіршілігін көрді. 320 орындық білім ордасында бүгінде 109 оқушы білім алуда. Мектепте 21 педагог еңбек етеді. Оқу орны заманауи бейнебақылау жүйесімен жабдықталған және қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ өңір басшысы ауылдағы балабақшаға барды. Қазіргі уақытта мұнда 30 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі мекемеде қосымша топтар ашу жоспарланып отыр. Бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін арттырып, жас отбасылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысқан Асхат Шахаров білім беру инфрақұрылымының сапасын одан әрі арттырудың және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

  • 15.06.2026
  • 11
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика