• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде әкімшілік әділеттің бес жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік әділетке – 5 жыл: бүгіні мен болашағы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ақтөбе облыстық соты ұйымдастырған іс-шараға сот жүйесінің өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, адвокаттар, заңгер-ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен құқық саласының мамандары қатысты.

Конференцияның басты мақсаты – Қазақстандағы әкімшілік әділет институтының бес жылдық даму жолын қорытындылау, оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлін талқылау және алдағы даму перспективаларын айқындау.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров конференцияда сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформалардың нәтижесінде әкімшілік әділет институтының елдегі құқықтық жүйенің маңызды бөлігіне айналғанын алға тартты.

«Өткен бес жыл ішінде әкімшілік әділет өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде ол мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын арттыруға ықпал ететін, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық теңгерімді қамтамасыз ететін маңызды институтқа айналды. Бұл Конституцияда бекітілген заң үстемдігі қағидаттарының іс жүзінде жүзеге асуына қызмет етіп келеді», – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы өз сөзінде Ақтөбе облысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ әкімшілік әділет аясындағы дауларды бейбіт жолмен шешу тәжірибесінің оң нәтижелер көрсетіп отырғанына тоқталды.

«Соңғы бес жыл ішінде облыста 269 әкімшілік іс татуласу рәсімдері арқылы шешімін тапты. Бұл мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара түсіністік пен сындарлы диалогтың нығайып келе жатқанын көрсетеді», – деді Асхат Шахаров.

Конференция барысында сот жүйесінің ардагері Жанна Алишева, Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Ляззат Бисенова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Салтанат Рзағұлова және Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Бауыржан Ерманов баяндама жасап, әкімшілік әділеттің қалыптасуы мен даму кезеңдері, сот тәжірибесіндегі өзекті мәселелер, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мәселелері жөнінде ой бөлісті.

Іс-шара аясында қатысушылар арасында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, әкімшілік сот ісін жүргізу тәжірибесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар құқық саласының дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары, жиында қозғалған ұсыныстар мен пікірлер әкімшілік әділет жүйесін одан әрі жетілдіруге және құқықтық реформаларды іске асыруға өз үлесін қосады деген сенімде.

  • 15.06.2026
  • 4
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика