- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден қызметтерінің Біріккен алқа 54-отырысы
2026 жылғы 11 маусым Бурабайда ЕАЭО мүше мемлекеттердің кеден қызметтері Біріккен алқасының 54-отырысына қатысты. Отырыс барысында тараптар келесі нақты шешімдерді қарастырып, қабылдады: тауарлардың жекелеген санаттарын сыныптау тәсілдерін жетілдіру, электрондық сауда тауарларын қайтаруды реттеу және жеке пайдалануға уақытша әкелінген көлік құралдарын бақылау; мультимодальды, оның ішінде контрейлерлік тасымалдарды дамыту, кедендік транзитті әкімшілендіруді жетілдіру және кедендік операцияларды жүргізу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру; электрондық құжат айналымын кеңейту, Одақ мемлекеттерінің кеден қызметтерінің ақпараттық жүйелерін үйлестіру, сондай-ақ кедендік бақылау үдерістеріне жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологияларын енгізу; көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейту, транзиттік тасымалдар кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру.
- 16.06.2026
- 6


