• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтасты ауылына жақын күндері көгілдір отын беріледі

Облыс әкімі Асхат Шахаров Әйтеке би ауданының Ақтасты ауылында барды. Ол газ құбыры құрылысының барысымен танысып, жаңа өрт сөндіру бекетінің жұмысын көріп, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Ақтасты ауылы Ақтөбе қаласынан 396 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда 264 адам тұрады.

Биыл ауыл тұрғындары үшін ең маңызды оқиғалардың бірі – елді мекенді газдандыру. Қазіргі таңда Ақтастыда құны 416 миллион теңгеден асатын магистральдық және ауылішілік газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаевтың айтуынша, ұзындығы 14,5 шақырымды құрайтын жоғары қысымды жеткізуші газ құбырының құрылысы аяқталып, ауылішілік желілер тартылуда. Нысанды биылғы жылдың маусым айының аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Асхат Шахаровтың сөзінше, газдандыру - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудағы ең маңызды бағыттардың бірі.

Облыс әкімі барған тағы бір нысан – «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынған жаңа өрт сөндіру бекеті. Оның құрылысына 20 миллион теңге бөлінген. Мұнда бес қызметкер тәулік бойы кезекшілік атқарып, өрт пен төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайын.

Ақтөбе облысында бұл бағдарлама аясында ашылған 19-шы өрт сөндіру бекеті. Жалпы өңірде биыл осындай 30 бекет ашу жоспарланған. Жаңа нысан Ақтасты және Толыбай ауылдарының 500-ден астам тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бекет диспетчерлік пункт, жеке құрамға арналған бөлмелер және өрт техникасына арналған бокспен жабдықталған. Бөлімше қажетті техника, байланыс құралдары және арнайы киіммен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру автоцистернасын табыстаған.

Өрт сөндіру бекетін қарап шыққан Асхат Шахаров ауылдық жерлердегі осындай нысандар желісін дамыту азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғауда маңызды рөл атқаратынын алға тартты.

Облыс әкімінің келуін ауыл тұрғындары үлкен үмітпен күткен. Олар газдандыру мерзімдері туралы нақты ақпарат алып қана қоймай, ауылдың қалай өзгеріп, дамып жатқанын да жеткізгісі келді.

«Шыңғыс» шаруа қожалығының басшысы Орынбай Жолмұрат ауыл тұрғындарының газдың келуін асыға күтіп отырғанын айтып, бұл жоба үлкен жұмыстардың басталуына жол ашатынын сөз етті.

«Ауылға газ келген соң өмір сүру әлдеқайда жайлы болады. Бұрын көшіп кеткендердің біразы туған жеріне қайта оралу туралы ойланады деп сенемін. Сонымен қатар мұнда тұрып, еңбек еткісі келетін адамдар көбейеді. Біздің ауылда өмір сүруге де, шаруашылық жүргізуге де барлық мүмкіндік бар», – деді ол.

Құрамына Ақтасты ауылы енетін Ақтасты ауылдық округі ауданның аграрлық орталықтарының бірі саналады. Мұнда 20 шаруа қожалығы, жеті жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы кооперативі және жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді. Соңғы бір жылда қой-ешкі мен жылқы саны артқан.

«Ауылдың болашағына бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысымды білдіремін. Біз Ақтастының дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Мұнда инфрақұрылым жаңарып, қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасалуда. Тұрғындар асыға күтіп отырған маңызды жобалардың бірі – ауылды газдандыру. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде және бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Біз жобаның сапалы әрі уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуіміз керек. Халықтың қауіпсіздігі де басты назарда. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, тұрғындар мен олардың мүлкін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Бүгін мектепті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Бұл көптеген ауылдық елді мекендерге тән өзекті мәселе. Біз білім басқармасымен бірлесіп жағдайды жан-жақты зерделеп, нақты шешу жолдарын қарастырамыз. Мемлекеттің басты міндеті – адамдардың қалада немесе ауылда тұруына қарамастан, лайықты өмір сүру жағдайын жасау. Сондықтан инженерлік инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандар салу, елді мекендерді абаттандыру және ауылдық аумақтарды қолдау жұмыстары жалғасады. Ақтастының одан әрі дамуына әлеуеті жеткілікті. Мемлекет пен тұрғындардың бірлескен еңбегінің арқасында ауыл бұдан да жайлы әрі тартымды мекенге айналады деп сенемін», – деп өңір басшысы ауыл тұрғындарымен кездесуді қорытындылады. 

  • 19.06.2026
  • 6
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика