• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақкенженов Е. Қ.
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еліміздің энергонысандарында 2 энергоблок, 26 қазандық және 16 турбина жөнделуде

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінде 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына энергетикалық кешен мен инфрақұрылымды дайындау мәселелері бойынша Республикалық штабтың кезекті отырысы өтті.

Отырысқа «KEGOC», «Самұрық-Энерго», «ОАЭК», «Қазақстан темір жолы» ҰК, «QazaqGaz Aimaq», «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Қаражыра», «Интергаз Орталық Азия», «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС өкілдері, сондай-ақ өңірлер әкімдіктерінің және елдің энергетикалық кәсіпорындарының басшылығы қатысты.

Отырысты ашқан Комитет төрағасы Ержан Ертаев алдағы жылыту маусымынан сенімді өтуді қамтамасыз ету саланың басты міндеттерінің бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Басты міндет – алдағы күзгі-қысқы кезеңде халықты жылумен және электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету. Ол үшін барлық жөндеу жұмыстары сапалы, толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Әрбір кәсіпорын басшысы нәтижеге жеке жауапты», – деді Ержан Ертаев.

Отырыс барысында электр станцияларындағы жөндеу науқанының орындалуы, жылу және электр желілерінің дайындығы, Бірыңғай электр энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысы, отын қорларын жинақтау, өңірлерді газбен қамтамасыз ету және көмір тасымалын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Барлық өңірлерде ауқымды жөндеу науқаны бекітілген кестелерге сәйкес жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Бүгінгі таңда электр станцияларында негізгі жабдықтардың 16 бірлігіне – 2 энергоблокқа, 10 қазандыққа және 4 турбинаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 2 энергоблокта, 26 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Электр желілерінде шамамен 4,8 мың шақырым электр беру желісі, 107 қосалқы станция және 1065 тарату пункті жөнделді. Бұл жылдық жоспардың бір бөлігі болып табылады. Жыл соңына дейін 17 098 шақырым электр желісін, 444 қосалқы станцияны және 3408 тарату пунктін жөндеу көзделген.

Жылу желілері бойынша қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге жоспарланған 377 шақырымның 213 шақырымында жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде 52 шақырымы толық аяқталды.

Отырысқа қатысушылар қысқы кезеңге дайындық барысында ерекше бақылауды қажет ететін мәселелерді талқылады. Энергетикалық кәсіпорындар мен әкімдіктердің басшылары энергообъектілердің сенімді жұмысын қамтамасыз ету, жөндеу бағдарламаларын орындау және инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы аяқтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен мерзімдеріне қатысты тәуекелдер сақталып отырған нысандар мен өңірлерге ерекше назар аударылды. Кәсіпорын басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға тәуекелдерді жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау және жылыту маусымы басталғанға дейін жоспарланған жұмыстардың толық орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша энергетикалық кәсіпорындарға жөндеу бағдарламаларының сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету және жабдықтардың техникалық жағдайына бақылауды күшейту тапсырылды. Әкімдіктерге жылумен жабдықтау және электр желілері кешеніндегі жұмыстарды уақытылы аяқтау үшін қажетті шараларды қабылдау жүктелді.

Комитеттің аумақтық департаменттеріне апта сайын энергообъектілердің дайындығына мониторинг жүргізу және туындаған тәуекелдерге жедел әрекет ету тапсырылды.

Отырысты қорытындылай келе, Ержан Ертаев жылыту маусымына дайындық жөніндегі барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін және дайындық барысы барлық жауапты ұйымдардың тұрақты бақылауында болуы қажет екенін атап өтті.

  • 23.06.2026
  • 4
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

Ақкенженов Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика