• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақкенженов Е. Қ.
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биыл 32 мыңнан астам қазақстандық табиғи газға қол жеткізеді

ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев газ саласының қазіргі нәтижелері мен даму перспективалары туралы баяндады.

Оның айтуынша, Қазақстанды газдандыру 2035 жылға дейінгі Бас газдандыру схемасы аясында жүзеге асырылып келеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен өңірлерді дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12,6 млн адам немесе ел халқының 62,4%-ы табиғи газға қол жеткізген. 2025 жылдың қорытындысында 82 газбен жабдықтау жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды. Бір жыл ішінде 2 мың шақырымнан астам газ құбыры салынды.

Нәтижесінде, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті. Бүгінде 20,5 млн тұрғынның 13,1 миллионы табиғи газға қол жеткізіп отыр.

«Биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға 27,3 млрд теңге бөлінді. Бұл газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізіп, қосымша 32 мыңға жуық адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Магистральдық газ көлігі инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда. Вице-министр Қостанай облысында іске асырылып жатқан КС-14 жаңа компрессорлық станциясын және «КС-14 – Қостанай» магистральдық газ құбырын салу жобасы туралы айтты. Жоба астықты терең өңдеу, глинозем мен алюминий өндіру, газ-химия кешені және ыстықтай брикеттелген темір шығару секілді ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жоба Қазақстан мен Катар арасындағы үкіметаралық келісім аясында катарлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, катарлық инвесторлармен бірлесіп «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салудың бірінші кезеңі іске асырылуда.

Жыл соңына дейін ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын және жылына 10 млрд текше метрге дейін газ өткізуге қабілетті газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

2027–2029 жылдарға жоспарланған екінші кезең аясында компрессорлық станциялар салынып, газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтылатын болады.

Бұл жоба елдің оңтүстік өңірлерін қосымша тауарлық газ көлемімен қамтамасыз етіп, жаңа энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

Алматы облысы мен Жетісу облысын қосымша газ көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тағы бір стратегиялық маңызды жоба – «Алматы – Талдықорған» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу.

Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Оң қорытынды алынғаннан кейін жобаны қаржыландыру және одан әрі іске асыру мәселесі қаралатын болады.

Энергетика министрлігінде атап өткендей, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, халықты газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және өңірлердің одан әрі экономикалық дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

  • 23.06.2026
  • 4
Ақкенженов Е. Қ.

ҚР Энергетика министрі

Ақкенженов Е. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика