• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІМ: Сотқа дейінгі тергеу барысында бұзушылықтар айтарлықтай азайды

Қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделін енгізу өзінің алғашқы нәтижесін бере бастады. Жыл басынан бері азаматтардың конституциялық құқықтарын және қылмыстық істерді тергеу мерзімдерін бұзу айтарлықтай азайды.

Бұл туралы онлайн-режимде өткен “Қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілі” атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстан ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Конференцияға ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Үнзила Шапақ, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Бас прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов, қазақстандық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан сарапшылары қатысты.

Министр Ерлан Тұрғымбаев өз сөзінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін сотқа дейінгі тергеу саласында елеулі реформа жүргізіліп жатқанын, атап айтқанда қылмыстық процестің үш буынды моделіне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

ІІМ басшысы жаңа тәртіп енгізілгеннен бері прокурорлармен 52 мыңнан астам процессуалдық шешім келісілгенін айтты, оның ішінде 22 мыңы – тоқтату туралы, 10 мыңы – мерзімдерді тоқтату туралы, 13 мыңы – күдікті деп тану туралы, 7 мыңы – әрекеттердің біліктілігі туралы болды.

“Жүргізіліп жатқан өзгерістердің басты мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін жоғары халықаралық стандарттарға сай арттыру, сондай-ақ қоғамның құқық қорғау және сот жүйелеріне сенімін арттыру болып табылады”, – деді Қазақстан ІІМ басшысы.

Қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшуге байланысты мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақты бөлінген:

  • Полиция – қылмыстарды ашады, қатысы бар адамдарды анықтайды, айғақтарды жинайды және бекітеді.
  • Прокуратура – дәлелдемелерге баға береді, азаматтардың құқықтарын бұзудың жолын кеседі, сотта айыптауды қолдайды.
  • Сот – органдардың іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды және түпкілікті үкім шығарады.

“Мұндай сүзгіні орнату тергеудің әрбір кезеңінде тергеу қателерін барынша азайтады және жауапкершілікті жоғарылатады”, – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Жыл соңына дейін тергеушілерді компьютерлік техникамен жабдықтау және қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеуді толығымен электрондық форматқа көшіру жоспарлануда.

Ведомстволық жоғары оқу орындарында тергеушілерді даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, Министрлік тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеуге ниет білдірген заң факультеттері студенттерінің мамандануын қамтамасыз ету бойынша еліміздің 33 жетекші жоғары оқу орындарымен меморандум жасады.

Министр ІІМ тергеушілердің кәсібилігін арттыру, тергеу және анықтау бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

  • 03.04.2021
  • 360
Сәденов Е.С.

ҚР Ішкі істер министрі

Сәденов Е.С.
(Мұрағат)

ҚР Ішкі істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика