- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің құрамына сайланды
2026 жылғы 25 - 27 маусым аралығында Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде өткен Ұйым Кеңесінің 147-ші және 148-ші сессияларына қатыстым. Сессиялар аясында Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен, Ұйым Хатшылығының басшылығымен, сондай-ақ Болгария, Мажарстан, Польша, Түркия, Корея Республикасы, Эстония және Жапония кеден әкімшіліктерінің басшылары мен өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткіздім.
Сессиялар барысында ДКҰ-ға мүше мемлекеттер халықаралық кедендік ынтымақтастықты дамыту, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, кеден қызметтерін цифрлық трансформациялау, заңды халықаралық саудаға жәрдемдесу, жаһандық жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.
- 01.07.2026
- 6


