• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қызылорда облысына жұмыс сапарым аясында өңір әкімі Мұрат Ергешбаевпен кездестім.

Кездесуде өңірдің су шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйі, вегетация кезеңінің өту барысы, су үнемдеу технологияларын енгізу және гидротехникалық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыладық.

Биыл облыста күріш егісінің көлемі былтырмен салыстырғанда 10,9 мың гектарға қысқарып, 70 мың гектарды құрады. Қысқартылған күріш алқаптарының орнына 10 мың гектар жерге ылғалды аз қажет ететін дәндік жүгері егілді.

Сондай-ақ Қазалы ауданында салынатын «Қараөзек» су қоймасының құрылысы талқыланды. Бұл нысан 31 мың гектар егіс алқабын және 120 мың гектар шабындық пен жайылымды сумен қамтамасыз етеді. Жоба Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Облыс әкімімен кездесуден кейін Жалағаш ауданына барып, «Таң LTD» ЖШС-нің егістік алқаптарын араладым. Кәсіпорын жалпы 1995 гектар жерде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіреді. Оның 1861 гектары күріш алқаптарына тиесілі. Сонымен қатар мұнда су үнемдеу суару жүйелері мен заманауи агротехнологиялар енгізіліп, егістік алқаптарын лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалағаш ауданындағы жалпы егіс көлемі 41,8 мың гектардан асады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5152 гектарға артық. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қажеті үшін жоспарланған 638,32 млн текше метр судың 406,4 млн текше метрі алынған. Сонымен бірге экологиялық тұрақтылықты сақтау және жергілікті экожүйелерді қолдау мақсатында «Қараөзек» каналы бойындағы көлдер жүйесіне су жіберіліп жатыр. Бүгінге дейін жоспарланған 203 млн текше метр судың 146,5 млн текше метрі жіберілді.

Қармақшы ауданында жалпы аумағы 3363 гектарды құрайтын «Жаңа жол» ЖШС-нің егістік алқаптарына барып, суармалы жерлерге каналдар арқылы су жеткізу барысымен таныстым. Аудандағы жалпы егіс көлемі 25 мың гектардан асады. Оның ішінде күріш егістігі 11,5 мың гектарды құрайды. Қазіргі уақытта жоспарланған 522,3 млн текше метр судың 323 млн текше метрі алынған.

Қармақшы ауданында экологиялық қажеттіліктер үшін 100 млн текше метр су қарастырылған. Оның 60,4 млн текше метрі бүгінге дейін алынды. Сонымен қатар ауданда жалпы ұзындығы 88,5 шақырым болатын 12 каналды бетондау жоспарланып отыр. Барлық нысан бойынша жобалау-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды.

  • 20.07.2026
  • 6
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика