• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістан қаласында өткен Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 94-отырысына қатыстым.

Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы әріптестеріммен бірге 2026 жылғы вегетация кезеңіне арналған Сырдария және Әмудария өзендері бассейндеріндегі су қоймаларының жұмыс режимдері мен су бөлу лимиттерін қарадық. Сонымен қатар Сырдария өзені бассейнінде су ресурстарының есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарының жобасын әзірлеу мәселесін талқыладық. Қырғыз тарапы бақылаушы мемлекет ретінде қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша құжатты әзірлеу мақұлданды. Биылғы қыркүйекке дейін осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Орталық Азия елдерінің су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша өңірлік ынтымақтастыққа арналған гранттық жобаның (CAWEC) іске асырылу барысын да қарастырдық. Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе - Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңестерінің шешімдерінен туындайтын міндеттердің орындалуы болды.

Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы көп жыл бойы Орталық Азиядағы су шаруашылығы саласындағы шешімдерді келісуге арналған негізгі кәсіби алаң болып келеді. Дәл осы жерде Сырдария мен Әмудария өзендері бассейндерінің трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқарудың тиімді тәсілдері әзірленіп, өңір мемлекеттерінің мүдделер теңгерімі мен алдағы кезеңдегі су пайдаланудың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

МСШҮК-ның үйлесімді жұмысының арқасында биыл Шардара су қоймасына тұрақты су келуі қамтамасыз етілгенін айта кету керек. 2026 жылғы 1 сәуірден бері су қоймасына шамамен 3 млрд текше метр су түсті. Бұл өткен жылдың және көпжылдық орташа көрсеткіштерден жоғары. Вегетация кезеңі аяқталғанға дейін су келуі жалғасады деп күтіліп отыр. Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы тұрақты. Ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін су штаттық режимде беріліп жатыр.

Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының келесі, 95-отырысы Түрікменстанда өтеді.

 

  • 10.08.2026
  • 4
Нұржігітов Н.М.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Нұржігітов Н.М.
(Мұрағат)

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика