- Блогтар
- Дүйсембиев Ж.Ж.
Дүйсембиев Ж.Ж.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Жаңғыртылған «Жібек жолы» шекаралық өткізу пункті өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады
2026 жылғы 8 шілдеде жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Кушеровпен бірге Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» өткізу пунктіне бардық. Онда біз Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасының Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы учаскесінде орналасқан, жолаушылар көлігіне арналған ең ірі өткізу пунктіндегі ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексердік. Тексеру барысында жобаны іске асырудың қазіргі кезеңі, құрылыс жұмыстарының қарқыны және нысанның дайындық жағдайы қарастырылды; өткізу пунктін 2026 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланған.
- 10.08.2026
- 6


