• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосымбаев Т.Е.
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарағанды облысы ЭКСЖ жобаларын іске асыру қарқынын арттыруда

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы (ЭКСЖ) бойынша Жобалық кеңсенің көшпелі отырысы өтті.

Іссапар аясында қатысушылар ТМ-2 және ТМ-3 жылу магистральдарын, Қарағанды – Теміртау су құбырын, «Қарағанды Су» ЖШС-нің негізгі құрылыстарын, «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің электр желілері мен қосалқы станцияларын, сондай-ақ «Теплотранзит Караганда» ЖШС-нің М2 және М3 жылу магистральдарын қайта жаңғырту жобаларының іске асырылу барысымен танысты. Аталған нысандардағы жұмыстар коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға және жылумен, сумен және электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған.

Қарағанды облысы Ұлттық жобаны іске асыруға белсенді қатысып отырған өңірлердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта өңірде 14 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, олар 150 километрден астам инженерлік желілерді қамтиды.

Өңірде аяқталған жобалардың бірі – Теміртау қаласындағы ұзындығы 1,82 км ТМ-2А жылу желілерін қайта жаңғырту жобасы. Жұмыстардың нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 75%-дан 73,8%-ға төмендеп, шамамен 7 мың тұтынушыны жылумен жабдықтаудың сенімділігі артты. Жоба 2025 жылдың қорытындысы бойынша аяқталған бес жобаның қатарына кірді.

Өткен жылы Шымкент қаласы мен Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Жетісу облыстарында жобалар аяқталды. Нәтижесінде жылу және электр желілері жаңартылып, жаңа энергетикалық қуаттар іске қосылды, инфрақұрылымның тозу деңгейі төмендеп, мыңдаған тұтынушы үшін коммуналдық қызметтердің сенімділігі артты.

Жобалық кеңсенің отырысы барысында өңірлердегі жобаларды іске асыру қарқыны, конкурстық рәсімдердің өткізілуі және қаржыландыру мәселелері қаралды. Дайын жобаларды құрылыс-монтаждау жұмыстарына көшіруге, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтауға және сараптамадан өткізуге ерекше назар аударылды.

Өңірлерге 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін дайын ЖСҚ-сы бар жобалар бойынша жөндеу жұмыстарын бастауы тапсырылды. 2027 жылға арналған жобалар бойынша өтінімдер қалыптастырылып, келісілді, конкурстық рәсімдер аяқталды, бұл жобаларды одан әрі іске асыруға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы бойынша қол жеткізілген қарқынды сақтау, мәлімделген жобалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауды жеделдету және олардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

2026 жылы Ұлттық жоба аясында шамамен 12 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеуге 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тарту күтілуде. Сонымен қатар 8 коммуналдық кәсіпорынды сыни тозу аймағынан орташа тозу деңгейі санатына шығару жоспарлануда.

ЭКСЖ жобаларын іске асыру коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға, қызметтердің сенімділігі мен сапасын арттыруға, апаттылықты төмендетуге және энергетикалық және коммуналдық сектордың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

  • 19.08.2026
  • 6
Қосымбаев Т.Е.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

Қосымбаев Т.Е.
(Мұрағат)

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика