• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбеде жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Ақтөбеде қаланың жол желісін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Асхат Шахаров қаладағы негізгі көлік магистральдарының бірі саналатын Тайбеков көшесін күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бағамдады.

«Атырау инжстрой-АИС» ЖШС мердігер ұйымының өкілі Эмиль Алихановтың айтуынша, өткен аптада көшедегі ескі асфальт жабындысын фрезерлеу жұмыстары толық аяқталған. Үш күн бұрын Әлия Молдағұлова даңғылынан Марат Оспанов көшесіне дейінгі аралықта ірі түйіршікті асфальттың төменгі қабатын төсеу басталды. Қазіргі таңда жұмыстар Марат Оспанов көшесінен Ғазиза Жұбанова көшесіне дейінгі бөлікте жалғасып жатыр.

Асфальттың төменгі қабаты төселгеннен кейін оның белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін зертханалық сынақтар жүргізіледі. Бұл жұмыстарға 5-7 күн уақыт қарастырылған. Осы аралықта мердігер ұйым жиектастарды орнату және су бұру жүйесін салу жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар жоба аясында көшенің бір жағына жаяу жүргіншілер жолын салу көзделген. Ол асфальттың жоғарғы қабаты төселгеннен кейін жүзеге асырылады.

Эмиль Алихановтың айтуынша, Тайбеков көшесі 2024 жылы басталған жоба аясында жөнделіп жатқан 15 магистральды көшенің қатарында. Жобаның жалпы құны – 6,5 млрд теңге. Қазіргі уақытта нысанда 30 арнайы техника мен 15 жұмысшы еңбек етуде. Тайбеков көшесіндегі жұмыстардың орындалу деңгейі шамамен 70 пайыз.

Сонымен қатар қаланың өзге де көшелерінде жол жөндеу жұмыстары қатар жүргізілуде. Қобыланды батыр атындағы орталық стадион маңы және Ибатов көшесінде жол жабынын жөндеу жалғасуда. Пацаев көшесінің Сәңкібай батыр даңғылы мен Рысқұлов көшесі аралығында жиектастар орнатылуда. Жеңіс даңғылының Чернышевский көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейінгі бөлігінде асфальт төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілсе, Кошевой көшесінде жер қазылуда. Қазіргі таңда бір мезгілде бес нысанда құрылыс қарқынды.

Жоба аясында бюджет қаражатын үнемдеу нәтижесінде қосымша тағы 15 көшені жөндеу жоспарланған. Осылайша, жобаның жалпы құнын ұлғайтпай-ақ жөнделетін көшелер саны 15-тен 30-ға дейін көбейген.

«Әрбір нысан сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі тиіс. Бюджет қаражатының үнемделуі атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына әсер етпеуі керек. Анықталған барлық кемшілік мердігерлер тарапынан жедел түрде жойылуы қажет. Басты міндетіміз – тұрғындарды қауіпсіз әрі заманауи жолдармен қамтамасыз ету», – деді Асхат Шахаров.

  • 20.08.2026
  • 2
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика